Коммандиттік серіктестіктер – толық серіктестіктер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің буданы. Кем дегенде бір серіктес серіктестік қарыздары үшін толық жеке жауапкершілігі бар толық серіктес болуы керек. Кем дегенде біреуі – міндеттемесі салынған сомамен шектелетін үнсіз серіктес. Бұл үнсіз серіктес әдетте серіктестікті басқаруға немесе күнделікті қызметке қатыспайды.
Әлеуметтік серіктестік дегеніміз - еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделер ортақтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысшылар, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері) және мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар жүйесі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан -2050» Стратегиясының басты мақсаты – елімізде ХХІ ғасырдың ортасына орай жалпыға бірдей еңбек қоғамын құрып, ең дамыған 30 ел қатарына кіру. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз индустриалды-экономикалық инновациясы жоғары елге айналуымыз керек. Оның алғы шарты- білікті мамандар дайындау,сонымен қатар әлеуметтік саладағы серіктестікті дамыту. Еліміздің экономикасы дамып, өндіріс орындары көптеп ашылуда . Ғылым ғарыштап дамып, технологиялар жетіліп келеді. Жаңа жұмыс орындары да ашылуда. Сондықтан білімді де білікті мамандарға да сұраныс артуда.
Нарықтық экономикасы дамып келе жатқан Қазақстан үшін де дуалды оқыту жүйесі қолайлы болмақ. Дуалды оқыту жүйесі бойынша оқыту білім мекемесі мен өндірісте қатар жүреді. Оның негізі практика мен теорияның ұштасуы. Дуалды оқыту жүйесі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі негізгі проблема , яғни теория мен практика арасындағы қайшылықтарды шешуге көмектеседі. Бұл оқыту жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен практика мен теорияның тығыз байланысымен ерекшеленеді. Оқыту жүйесі теория мен практиканың тепе-теңдігі принципі бойынша жүргізіледі. Кәсіптік білім берудің бұл түрін іске асырудың бірден-бір жолы –