Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Өткізген: Негмнтжанова Р. К. 2015-2016 оқу жылы



Дата06.07.2018
өлшемі25,64 Kb.
#47932
Қызылтаң орта мектебі

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Өткізген: Негмнтжанова Р.К.

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы


Сабақтың мақсаты:
Мақсаты:     Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
    Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд
Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
Замзагүл А: Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы Аяжан: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің
Тазша бала Арлан: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
Мұғалім: Қонақтарды төрге шығарып, оқушыларды ортаға шақырады.
Асанали: - Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
 Айымгүл: - Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
Жұлдыз: Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
  Енді қайық саламыз. Жанель: Балалар, балалар, тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
БІЗ КІМБІЗ? -Біз Қазақстан болашағымыз!

Айгерім: Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты,

Жалама ыдыс-аяқты


Айымгүл:         Қ        Қасиетті Астанам
                                 Ұлылыққа бастаған!
                                 Мақтан тұтар өзіңді,
                                 Кіп-кішкентай жас балаң
Жұлдыз:    «З»   Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                               Замандар бар, заңдар бар
                               З-да барлық заңдылық
                               Заңда з мен заң болар!
 Дамир:             «А»:                      Ана тілің арың бұл  
                                                          Ұятың боп тұр бетте
                                                           Өзге тілдің бәрін біл
                                                           Өз тіліңді құрметте!
Гүлназ:     «Қ»:                    Қарағанды көмірі
                                                    Қостанайдың егіні.
                                                    Даласындай жомарт қой
                                                    Қазағымның көңілі.
Асанали:         «С»:          Жағасында Ертістің
                                           Семей деген қалам бар
                                           Туған мұнда атақты
                                           Абай, Мұхтар, бабалар

Дания:     «Т»:                                Жарақты жаумен жұлқысқан 


                                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                                           Ең ежелгі астана
                                                           Қасиетті Түркістан!
 Айгерім:     «А»:                               Алманың ол Отаны

Алқызыл, жұпар иісі

Піскен алма топ-топ түсті,
                                                           Топ-топ түсті, көптеп түсті
    «Н»:                              Ас біткеннің анасы
                                                          Қасиетті нан осы
Мұғалім : - Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Олай болса, туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.
«Отан» хор
Мұғалім:
Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті –әліппе! .

Мұғалім: Ал енді, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: - Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі. 
М ұғалім: - Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен. Егер де менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер мен әліппені босатамын және сендерге сыйлық беріп жіберемін.
1-тапсырма математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік. Сонда аспанды торлаған бұл сейіліп, күніміз жарқырай түседі. Ал енді мына есептерді шешіп көріңдер:


  • Сенің қолыңда 10 алма бар еді, сен оның 4-еуін достарыңа бердің. Сенде неше алма қалды? / 6 / парақ артында А әрпі жазылғанын көріп тақтаға ілеміз.

  • Аулада 3 үйрек балапаны жүр еді, оған тағы 5 балапан келіп қосылды. Барлығы неше балапан болды?

  • Сан құрамын атап беріңдер.
    Нәтижесінде Ана сөзі шығады.

2-тапсырма. Дүниетану пәнінен болады. «Бұлт» ойыныойналады.
№1                                 Неше жыл мезгілі бар?
№2                                 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3                            «Артығын тап» ойыны /Жануарлар және құс/

Күн көзі шығады. Күннің қасында «тілі» сөзі тұр. 


М: Қандай сөз шықты балалар? АНА ТІЛІ
М: Жарайсыңдар, балалар, біз сияқты ақылды, білімді баланы Алдар көсенің өзі алдай алмайды. Біз барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен қонақтарды қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады:  Г. Байкеновна:
 
 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 

  • Балалар, сонымен қатар мен сендерге өзімнің жақын досым Ана тілін де ала келдім.
     

М: - Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! -демекші Мен сендердің өнерлеріңді тамашалап тәнті болып отырмын. Келешекте Мені де өз достарыңның қатарына қосып жақын дос болатынымызға сенімдімін.
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз. Жұлдыз: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Дания: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
Гүлназ: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Ал енді балалар бүгін сендерді құттықтауға өздерің сияқты жас әнші Жақсыбай Әлішер өзінің ән шашуын ала келген екен, тамашалайық: Видеоролик Ән «Әліппе» 
М: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?
Асанали: Ертең алтыға толатын, 
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.

Дамир: Іші толған әріпке
Мынау – әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің 
Әжесі – осы Әліппе!
Әліппе: Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-    Қош болыңдар, балалар! 

Қазақша би «Қамажай»
Жанель:
Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!

Асанали: -Әліппе оқуға
 Үйреткен әр күні 
 -Үйретіп санауды, 
 Көп еңбек сіңірген 
 Мұғалім апай ғой! 


Дания: Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
 Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
 Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
 Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
Жұлдыз: Әліппе даңғыл жол ашты, 
 Жаңадан пәндер жалғасты. 
 Әліппе сырын ұқтырған 
 Барлығы хормен: 
 -Рахмет, ұстаз алғашқы! 

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 


 Мұғалім: Ән «Етікші ата» 

Көрдің әлде көрмедің, Құрып алып малдасын,

Етікші атам бар менің Жалпақ басты балғасын

«Қартпын» деп ол айтпайды, Пышағы мен бізін ап,

Қол қусырып жатпайды. Отырғаны қызық-ақ.

Қ-сы: Тук-тук, тук-тук

Қол қусырып жатпайды.

 -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 


 -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.  Ендеше балалар келесіномерге дайындалып келгенше біз ата аналармен «Орамал тастамақ» ойынын ойнай қояйық. Шарты: Менің қолымдағы орамалды қалаған ананың алдына әкеліп тастаймын. Алсол ана тез арада өз өнерін көрсетіп келесіге тапсырады. Ойын жылдам орындалуы керек
«Шарлар биі»

«Балалар биі»
Ән: «Әнші балапан»

Білім, ғылым, өнерге Даңқын елдің көтерер Қанат қағар кездерің Әнмен, күймен өздерің Ата салтын ертеңге Ойың алға жетелер, Жеткізетін өздерің. Арман қуған кездерің.

Қайырмасы:

Әнші биші, әнші балапан Әнші, биші, күйші бала-балапан

3. Әділқазы береді, Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді, алады сол сыйлықты2



Ал құрметті қонақтар, назар қойып тыңдағандарыңызға рахметімізді білдіре отырып , құттықтау сөзі мектеп директоры Құдайберген С.Қ – ұлына беріледі.
Каталог: 354A4348AEE2D3F9
354A4348AEE2D3F9 -> Тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылды: Мақсатымыз
354A4348AEE2D3F9 -> 1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!!
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі: оқушыларды Сабақтың мақсаты
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті 6-сынып
354A4348AEE2D3F9 -> Баяндама «Бастауыш сыныптарда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды дамыту.»
354A4348AEE2D3F9 -> Оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану Темирбаева Гульнар Сайлаубаевна
354A4348AEE2D3F9 -> «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Салтанатты жиын 2016-2017 оқу жылы
354A4348AEE2D3F9 -> Оқу жылының тәрбие жұмысынының i-жартыжылдық бойынша есебі
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың тақырыбы: Алкендер -қанықпаған көмірсутектер. Алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезені. Тақырып пен мақсатымен таныстыру. Әнұран орындау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет