Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет



бет6/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

лизинг беруші – лизинг қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға, яғни шарт бойынша арнайы сол мақсаттар үшін сатып алынған мүлікті лизингке беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • лизинг алушы – мүлікті лизинг шарты бойынша пайдалануға алып отырған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен айналысатын азамат.

    Лизинг компаниялары (фирмалар) – бұл акционерлік қоғамдар немесе өзге де ұйымдастырушылық құқықтық нысандарда құрылатын ұйымдар, олар құрылтай құжаттарымен лицензияларымен сәйкес лизинг берушілер қызметтерін жүзеге асырады.
    Лизинг мүлкін лизинг компанияларының қаржыландыру жеке және заем қаражаттары арқылы жүзеге асырылады.
    Лизинг шарты келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

    • егер шартта өзгеше көзделмесе, агролизинг обьектісі мен лизинг мүлкін сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болады;

    • лизинг мүлкін лизинг алушы тек қана өндірістік мақсаттарда жұмсайды;

    • лизинг мүлкін лизинг беруші лизинг мүлкін сатушыдан оны лизинг алушыға беру шартын орындау үшін ғана ала алады;

    • лизинг кезеңіндегі лизинг төлемдерінің соммасы мәмілені жасасқан лизинг мүлкінің құнынан төмен болмауы керек.

    Лизингке берілген мүлік лизинг шартының әрекет ету мерзінде лизинг алушының мүлкі болып қала береді.
    Лизинг шартында лизинг алушының лизинг мүлкін лизинг шарты аяқталған соң немесе лизинг шарты аяқталғанға дейін сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.


    Қайталау сұрақтары:

    1. Лизинг: түсінігі, типтері, түрлері, нысандары

    2. Лизингтік мәміле

    3. Жалға өндіріс құралдары кеңінен берілуі

    4. Лизинг нысаны

    5. Лизингтің негізгі түрлері

    6. Жалданатын мүлікке қатысты лизинг шартының түрлері

    7. Қайтарымды лизинг, жедел лизинг

    8. Қазақстанда лизинг дамуының тарихы, тенденциялары және проблемалары

    9. Қазақстанда лизинг дамуының каналдары

    10. Лизинг агроөнеркәсіп кешенінде пайдалану

    11. АӨК техникалық қамсыздандыру құралдарының қазіргі заманғы қайта қарулануы

    12. Агролизинг обьектілері

    13. Лизинг компаниялары (фирмалар)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет