АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қ.Е.Елтаева
Лизинг
Дәрістер жинағы
Алматы 2018 Рецензент: Есенгазиева С.К., э.ғ.к., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қауым.профессоры
Қ.Е.Елтаева. Лизинг. – дәрістер жинағы
//Елтаева Қ.Е. – Алматы: ҚазҰАУ, 2018. – 80 бет.
Ұсынылып отырған «Лизинг» дәрістер жинағында осы оқу курсын толық меңгеруі үшін АӨК лизинг дамуының теориялық аспектілері, АӨК лизингті қолданудың нормативтік және әдістемелік материалы сипатталады.
Бұл дәрістер жинағы экономика мамандықтарын және осы пәнді меңгеріп жүрген студенттерге жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес әзірленген.
Дәрістер жинағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіншілік береді.
Жоғары оқу орны студенттері мен магистранттарына арналған.
ҚазҰАУ ОӘЖБ « 04» мамыр 2018 жылы (№1856 хаттама) тіркелген
Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайы және ары қарай дамуы инвестициялық қызметті басқару, тиімділікті арттырумен тікелей байланысты. Қалыптасқан лизинг қатынастарының саласында көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Ауылшаруашылығындағы лизинг қызметін жетілдіру бойынша қарама қайшылықтарды жою.
Осы дәрістер жинағы лизинг операцияларын жасау процестерін жақсартып, лизинг көлемін көбейтуге мүмкіндік беру.