Эмбриология


 .1 -сызбанұсқа. Тіндердің негізгі қүрылымдық элементтері



Pdf көрінісі
бет62/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

5 .1 -сызбанұсқа. Тіндердің негізгі қүрылымдық элементтері
ядролы болуы мүмкін (егер сатылардың бірінде нуклеотомия цитотомия- 
сыз өтсе). Жасушалар дамудың кандай да бір сатысына жеткеннен кейін 
бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда 
симпласттар
калыптасады. Оларға сим- 
пластотрофобласт, остеокласттар және қаңкалык бұлшық ет тінінің бұлшык 
ет талшығының симпласттык, бөлігі мысал бола алады. Симпласттардың 
калыптасу принциптері көп ядролы жасушалардан өзгеше болғандыктан, бұл 
ұғымдарды араластыруға болмайды.
Жасушалардың бөлінуі барысында цитотомия аякталмай және олардын 
кейбіреулері жіңішке цитоплазмалык көпіршелер арқылы байланысатын 
жағдайды ерекше атап өткен жөн. Ол — 
синцитии.
Сүткоректілерде мүндай 
кұрылым аталык жыныс жасушаларының даму барысында кездеседі. Бірак, 
олар сомалык жасушаларға жатпайтындыктан, оны тіндік кұрылым ретінде 
есептемейді.
Жасушадан кеиінгі
кұрылымдар деп тірі жүйе ретінде жасушаларға тән 
касиеттерінен айырылған (жартылай немесе толык) жасуша туындыла- 
рын айтады. Осыған қарамастан жасушадан кейінгі күрылымдар маңызды 
физиологиялык кызметтер атқарады, оларды өле бастаған немесе өлі жасу­
шалар ретінде карастыруға болмайды. Жасушадан кейінгі күрылымдардың 
арасында жалпы жасушаның туындыларын және оның цитоплазмасының 
туындыларын 
ажыратады. 
Біріншілеріне 
көптеген 
сүткоректілердің 
эритроциттері (даму барысының сатысында ядросын жоғалтқан каннын 
пішіндік элементтері), эпидермистің өлі жасушалары, шаштар, тырнактар 
жатады. Екіншілеріне мысал ретінде тромбоциттерді (мегакариоциттердін 
цитоплазмасының туындылары) карастыруға болады.
Жасуша араяық зат
— жасушаларда түзілетін өнім. Оны негізгі затқа 
(«аморфты», матрикс) және талшыктарға бөледі. Негізгі зат сұйык күйде, золь 
және гель немесе минералданған бола алады. Талшыктардың үш түрін ажыра­
тады: ретикулярлык, коллаген және эластикалык.


114
5-Тарау. Жалпы гистологияның негізгі уғымдары
Жасушалар әрдайым өзара және жасуша аралык затпен байланысты бо- 
лады. Бұл кезде әр түрлі кұрылымдык бірлестіктер калыптасады. Жасуша­
лар жасуша аралык затта бір-бірінен алшак орналасып, ол арқылы тікелей 
байланыссыз әрекеттесуі мүмкін (мысалы, борпылдак дәнекер тінінде), не 
өсінділері аркылы байланысады (ретикулярлык тін) немесе тұтас жасушалык 
жиынтыктар немесе қабатгар (пласттар) кұрайды (эпителий, эндотелий).
Жасушалар өздерінің тіршілігінін барысында өндіріп, сыртка ортаға бөліп 
отыратын химиялык заттардың көмегімен бір-бірімен алыстан әрекеттесе ала- 
ды. Мұндай заттар сырткы секреция өнімдері ретінде, мысалы, шырыш немесе 
ас корыту ферменттері тәрізді пайдаланылмайды, олар баска жасушаларға эсер 
ету аркылы реттеушілік кызмет аткарады, яғни олардың белсенділігін артты- 
рады немесе тежейді. Осының негізінде он және теріс кері байланыс жүйелері 
калыптасып, баскару контуры кұралады. Байланыстардың әркайсысын жүзеге 
асыру үшін біраз уакыт кажет. Сондыктан, тіндерде олардын тіршілігінің 
белсенділігі катан тұракты емес, орташа бір күй жағдайында толкиды. Мұндай 
үнемі байкалатын толкулар биологиялык ырғактардың тіндік деңгейдегі 
көрінісі болып табылады.
Реттеушілік заттардың арасында (оларды кейде биологиялык белсенді 
заттар деп атайды) 
гормондарды
және 
интеркиндерді
ажыратады. Гормон- 
дар қанға түседі және өзі өндірілген жерден біршама кашыктыкка ыкпалын 
жүргізе алады. Интеркиндер жергілікті эсер етеді. Оларға жасушалардың 
көбеюін тежейтін және белсендіретін, ізашар жасушалардың дифференция- 
лану бағытын аныктайтын, сонымен катар жасушалардың бағдарланған өлуін 
(апоптоз) реттейтін заттар жатады.
Сонымен, барлык жасуша аралык байланыстар, тікелей немесе жасуша 
аралык зат аркылы, тіннін тұтас жүйе ретінде кызмет етуін камтамасыз етеді. 
Тек жүйелік тұрғыдан карастыру негізінде ғана тіндерді зерттеп, жалпы гисто- 
логияны түсінуге болады.
5 .2 . 
ТІНДЕРДІҢ ДАМУЫ 
(ЭМБРИОНАЛДЫҚ ГИСТОГЕНЕЗ)
Адамның эмбрионалдык дамуы барысында омырткалы жануарлардың 
бәріне тән үдерістер өтеді: ұрыктану, зиготанын пайда болуы, бөлшектену
гаструляция, 
үш 
ұрык 
жапыракшасының 
қалыптасуы, 
тіндер 
мен 
мүшелердің эмбрионалдык бастамалары кешендерінің, сондай-ак ұрык 
жапыракшаларынын арасындағы кеңістікті толтыратын мезенхиманың 
жекеленуі.
Зиготанын геномы белсенді емес. Бөлшектену барысында жасушалар- 
да — бластомерлерде — геномнын жеке бөліктерінің белсендігі артады, со­
нымен бірге әр түрлі бластомерлерде — әркилы болады. Дамудын бұл 
жолы генетикалык деңгейде бағдарланған және 
детерминация
деп аталады. 
Нәтижесінде олардың биохимиялык (және морфологиялык) касиеттерінін 
түракты айырмашылыктары — дифференциялануы пайда болады. Сонымен 
катар дифференциялану геномнын кейінгі белсенділігінің арту мүмкіндігін


5.2. Тіндердің дамуы (эмбрионалдық гистогенез)
115
төмендетеді, од енді оның калған белсенсіз бөлігінін есебінен ғана өте ала- 
ды — даму мүмкіндігінін шектелуі — 
коммитациялану
жүреді.
Өтетін уакыты бойынша дифференциялану көбінесе детерминация- 
мен катар жүрмейді: жасушаларда детерминация толык өткенімен, оның 
өзіне тән кызметтері және морфологиялык ерекшеліктері кейінірек білінеді. 
Бұл үдерістердіц барлығы геном деңгейінде өтетінін атап айткан жөн, 
бірак гендердін тұтас жиынтығының өзгерісінсіз жүреді: гендер жасушадан 
жоғалмайды, бірак белсенсіз түрде болуы мүмкін. Мұндай өзгерістерді 
эпиге-
номды
немесе 
эпигенетикалық
деп атайды.
Қалыпты жағдайда геномный белсенді бөлігінің белсенсіз күйге (де- 
дифференциялануы) ауысуы каншалыкты мүмкін екендігі туралы сауал 
осы күнге дейін беймәлім (ол гендік-инженериялык тәжірибелерде мұндай 
мүмкіндіктерді жокка шығармайды).
Эмбриогенез барысында дифференциялану және коммитациялану бірден 
пайда болмайды. Олар дәйекті түрде өтеді: алдымен жасушалардын жал- 
пы касиеттерін детерминациялайтын геномный ірі аймактары өзгеріске 
үшырайды, ал кейініректе — жекешілік касиеттері кайта калыптасады. Даму 
барысындағы организмде дифференциялану өзіне тән калыптасу немесе ма- 
мандану барысындағы жасушаларды орналастырумен коса жүреді, ол онто­
генез барысында күрылымның белгілі жоспар бойынша калыптасуымен — 
морфогенезбен
білінеді.
Бөлшектенудіц нәтижесінде үрык үрыктан тыс және ұрыктык бөлімдерге 
бөлінеді, сонымен бірге, тіндердің калыптасуы екі бөлімде де жүреді. Гастру- 
ляция нәтижесінде ұрыктык бөлімінде 
гипобласт
және 
эпибласт
калыптасады, 
одан кейін үш ұрык жапыракшалары пайда болады. Детерминация нәти- 
жесінде кейінгілердін кұрамында 
эмбрионалдық бастамалар
(әлі тіндер емес) 
жекеленеді. Олардын жасушаларына детерминация, снымен катар, ком- 
митация тән болғандыктан, калыпты жағдайда олар баска эмбрионалдык 
бастаманың жасушаларына айнала алмайды. Эмбрионалдык бастамалар 
өз кезегінде 
бағаналы
(
дің) жасушалардан
— 
дифферондардың
даму көзінен 
тұрады, олар эмбрионалдык гистогенез барысында тіндерді калыптастырады 
(5.2-сурет). Бастамалардың жасуша аралык заты болмайды.
Үш үрык жапыракшасынын калыптасуы барысында мезодерма жасуша) 
ларының бір бөлігі ұрык жапыракшаларынын арасына бөлініп шығады 
және тор тәрізді кұрылымды — 
мезенхиманы
калыптастырады, ол ұрык 
жапыракшаларынын арасындағы кеңістікті толтырады. Кейін, тіндер мен 
мүшелердіц эмбрионалдык бастамаларының пайда болуына әкелетін, ұрык 
жапыракшаларынын және мезенхиманың дифференциялануы бір уакытта 
емес (гетерохронды), бірак бір-бірімен байланысты (интегративті) жүреді.
«Мезенхима» ұғымына ерекше токталып өткен жөн. Ол ұғымның 
мағынасы әр түрлі. Оны көбінесе эмбрионалдык дәнекер тіні ретінде неме­
се эмбрионалдык бастама ретінде санайды. Соңғы жағдайда мезенхимадан 
накты тіндердің дамуы туралы айтылады және онын негізінде бұл тіндердіц 
тектестігі туралы тұжырымдар да жасалады. Мезенхиманы фибробласттык 
катар жасушаларының, кан жасушаларының, эндотелиоциттердің және




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет