2.1 Эмоционалды-экспрессивті салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдерге қарағанда эмоционалдылық пен экспрессивтілік барынша айқын көрінбейді. Дегенмен құрмалас сөйлемдерде коммуникативтік мақсатқа жұмсалатындықтан сөйлеушінің эмоциясы қоса беріліп те отырады.
Құрмалас сөйлемнің түрлерінің ішінде сабақтастан гөрі салалас құрмаласта эмоционалдылық пн экспрессивтілік нақтырақ көрінеді.
Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлем типтес компоненттердің құрмаласу ерекшеліктеріне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз бөлінетіні белгілі. Соның негізінде салаластың екі түрі шығады:
іргелес салалас;
жалғаулықты салалас.
Іргелес салалас құрмалас сөйлем.
Іргелес салалас сөйлемге эксрпессивтілік тән. Мысалы,
Бірақ жігіт оның ойлағанындай бұзық жігіт болмады, жігіт облыс хатшысы болып шықты. Берілген салаластың бірінші компопнентігіндегі жігіт сөзін екінші компонентте қайталай қолдану арқылы сөйлемге ерекше мән беріліп, экспрессивтілігі арта түскен.
Салаластың іргелес түрінің бірнеше семантикалық-грамматикалық түрлері бар. Т. Қордабаев жеті түрін көрсетеді:
1. мезгілдес салалас сөйлем,
2. себептес салалас сөйлем,
3. қарсылықты салалас сөйлем,
4. түсіндірмелі салалас сөйлем,
5. салыстырмалы салалас сөйлем,
6. шартты салалас сөйлем,
7. көп компонентті салалас сөйлем [21, 223].
Р. Әмір іргегелес салалас сөйлемді тоғыз түрге жіктеп көрсетеді:
1. жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас,
2. мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас,
3. қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас,
4. себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас,
5. шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас,
6. теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас,
7. айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас,
8. объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас,
9. телінбе компонентті іргелес салалас [25, 23].
1. Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамындағы жай сөйлем типтес сөйлемдердің баяндауыштары шақтық жағынан бірыңғай, біртектес болып келеді. Экспрессия анық көрінеді. Мысалы:
Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді (С.Сейфуллин). Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын (С. Мұқанов).
2. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемді ұйымдастыратын баяндауыштық формалар бар.
- етістіктің жедел өткен шақ формасы + болды, болғаны түрінде қалыптасады. Мұндай сөйлемдер экспрессивті келеді. Мысалы:
Кесе толы қымызды бердің болды, сылқ еткізіп жұта салады.
3. Қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылу арқылы эмоционалдылық пен экспрессивтілік жасалады. Мысалы:
Күлпаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Әйтекеңмен сөйлесіп тұрмын. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. (Х. Есенжанов).
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сйлемді ұйымдастыруда де көміекші етістігінің әсері мықты, қызметі ерекше екені көрінеді.
Ауызекі сөйлеу тілдің, жазба тілді сйлемдедің модальдық мағыналары салалас құрмалас сөйлемдердің құрамында беріледі. Салалас құрмалас сөйлемге кірген компоненттердің жай сөйлем типтес баяндауыштарының құрамында экспрессивтік, модальдық сөздер қатысады. Модальдық қатынасты білдіру үшін бірінші компоненттің баяндауышының арнайы тұлғаларының бірнеше қатары жасалған.
Бірінші компоненттің құрамындағы баяндауыштары ретінд салстырмалары мағыналарында модальды сөздер, яғни де етістігінің модальдық мәндегі тұлғалары деді, дегендікі қатынасады. Сөйлемде түрлі-түрлі субъективтік модальдық мағыналар беріледі.
Де етістігі арқылы ұйымдасқан «деді + ме» типті тұлға күмәндану, болжау модальдық мағыналарын білдіретін жай сұраулы сөйлем типтес компоненттерінің себептік байланысын білдіретін құрмалас сөйлемдердің жүйесін құрайды.
Мысалы, Әнестің сөзі деді ме, жоқ өзінің жобалауы солай деді ме, ол бір өзі көп сөйледі («Егемен Қазақстан»).
«Деді + ме» типті баяндауыштың модальдық тұлғаыс тек атнай синтаксистік ситуацияда ғана, яғни құрмалас сөйлемнің шеңберінде ұйымдасады. Құрмалас сөйлемнің бірінші компонент баяндауышының мағыналары мн тұлғалары компоненттер арасындағы жалғаулықсыз байланысты анықтайды. –ма/-ме демеулікпен де етістігі бірігіп ұйымдасқан модалб тұлға кострукцияға басқа шылауды кіргізуге мүмкіндік бермейді. Осы құрылыстағы мәселелер ғалым Р.С. Әміров еңбегінде кездеседі [26, 151].
4. Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемде бірінші компонент нәтижені, екінші компонент сол нәтижеге жеткізген себепті білдіру арқылы экспрессивтілік қызмет атқарады. Мысалы:
Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Ғ.Мұстафин). Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған (Б.Майлин). Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды (Ғ. Мүсірепов).
5. Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас баяндауышы «есімше формалы етістік + бар» түрінде экспрессивті мәнде жұмсалады. Мысалы:
Апырмай, қызға бір ауыз сөз айта алмайтыны бар, жұртты қаужамай отырмай ма.
Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас баяндауышы «-ыс, -іс формалы қимыл атау ретіндегі етістік + бар» түрінде экспрессивті мәнде жұмсалады. Мысалы:
Қолыңнан келмесі бар, уәде бермеуің керек еді.
Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып қолдану арқылы да экспрессивті мән беріледі. Мысалы:
Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапшы өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік (Х. Есенжанов). Бүгін өзің қоншы осы жерге, бәрін де көзіңмен көресің (Х. Есенжанов).
Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрамында қыстырма компонент қатысып та эмоцияналдылық көрінеді. Мысалы:
Енді жіберіп көрші, құдай біледі, әкеңді танытады (Ғ.Мұстафин).
6. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем арнаулы амалдар арқылы құралады:
- қандай – сондай, қалай – солай, қанша – сонша;
- теңдік қатынасты құрайтын компоненттер бірыңғай формада келеді;
- интонациялық амал. Компоненттерінің арасындағы пауза, бұл теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысатын амал. Мысалы:
Үйіне қалай жетті, солай жолдасы мұрттай ұшты.
Соқаны қалай алса, солай апарып қойды.
7. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас та экспрессивтілік мен эмоционалдылықты білдіру мақсатында жұмсалады. Әсіресе, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші компоненттің баяндауышы сол, сонша, соншама, соншалық ,сондай деген сөздерден болғанда әрекетке, жағдайға ерекше мән беру, көңіл аударту мақсатымен жасалады. Мысалы:
Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайда үйлесімді көргені соншалық - өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды (А.С.Макаренко). Мұндай санасыз қондыырла салатын тәртіптен тапқан азабым сонша – ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым (Козлов). Оның үстіне киген қытайдың қызыл шайыснан тігілген оқалы көйлеінің ұзындығы сонша – оның етегін бірнеше қыздар саусақтарының ұшымен ұстап көтеріп келеді (Айбек).
Берілген мысалдардан байқалып тұрғанындай, бұл сөйлемдердің барлығында да бірінші компонентте сол компоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, әсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.
8. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінің баяндауышы ретінде түсіну, тану сияқты психикалық күйді білдіретін сөздер жұмсалады, екінші компонент сол психикалық күйге объект ретінде қатысатынын хабарлайды. Мысалы:
- Балам айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтты ма, жоқ өздігіңнен бердің бе? (М. Әуезов).
9. Телінбе компонентті іргелес салалас құмалас сөйлем үнемі экспрессивті қызмет атқарады. Мысалы:
Қаладан келген келін ғой, келіні түйіп жатқан.
Телінбе компонентті іргелес салаластың құрамындағы компоненттер толымсыз, тұрлаулыз мүшеден құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |