Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет3/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ

2. Үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар еңіреп немерелері қалды (Апамның астауы).
Мысалдардағы алғашқы сөйлем субъективті реакциямызды жай ғана хабар ретінде жеткізуімізге байланысты қарапайым, тыныш көңілмен қабылданса, екіншісі сөйлемдегі эмоционалды лексиканың (апам-ау, апам, зар еңіреп) қолданылуына байланысты бойымызды тітіркендіреді, аяушылық сезімін тудырады.
Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияларды, ерікті білдіруде, ойды білдіруде де, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді [6, 918].
«Тілдегі экспрессивті және эмоционалды элементтерде айыра білу қажеттілігі, олардың арасындағы байланысы мен өзара әсеріне қарамастан функциялық міндеттерінің де түрлілігінен туады. Тілдегі эмоционалдықты экспрессивтілікпен бір деп қарамау керек. Бұлар әр түрлі құбылыстар» - деген пікірлер де айтылған ойларды нақтылай түседі.
Сондай-ақ азербайжан тілшісі Т.А Эфендиева: «Эмоционалдық пен экспрессивтілік жеке дара категориялар, бірақ, экспрессивтілікке қарағанда эмоционалды өзінің семантикасына қарай әрі экспрессивті», дей отырып автор азербайжан тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы мынандай екі топқа бөліп қарастырады:
1. Жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
2. Жағымсыз экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
Біздің пайымдауымызша да бұлар бір ғана құбылыс бола алмайды. Сондықтан да бұлардан жеке-жеке қарастырып отырмыз.
Айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың қаңғыбастарын тақырып, шуақты аңсаған қариядай, таяғына сүйеніп тыныстағысы келді. (Жетім бота).
Мұнда эмоционалды лексика жоқ, тек, айқыш-ұйқыш созылған санасы деген метафоралық қолданыстағы бейнелі сөз тіркесі мен «таяғына сүйенген шуақты аңсаған қариядай» деп теңеу арқылы берілген экаспрессивті рең ғана бар.
Енді эмоция туралы айтылған «Денедегі нервтік процестер қызметінің ауыр-жеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып: организмнің түйісу реакциясы», «жүрек қылымыздан қозғайтын сезім түрі сияқты. Анықтамаларды еске түсіре отырып: Бойымызда сондай сезім тудыруға тиісті сөздер әсерсіз болса, эмоция тудыра алар ма? Деген сұрақ туады. Ендеше бұдан эмоционалды мәнді сөздер де әрі экспрессивтілік сипат та бар деген қорытынды шығады. Бірақ екеуі де бір ұғым емес.
Міне ғалымдарымыздың «Тілдегі эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті, ал экспрессия үшін эмоционалды бола бермейді, экспрессивті лексиканың затқа, құбылысқа деген қатынасты, белгілейтін, сондай-ақ сөздің заттың лексиканың (ұғымдық) мәнінің әр түрлі эмоциялар деп қарауға болатын қосымша реңдерін көрсететін бөлігі ғана эмоционалды болып табылады» [7,146] – деулері сондықтан.
Ал А.И. Еримов «экспрессивтілік ұғымына тілден тәсілдердің эмоционалды бояуының реңдері де енеді. Себебі, эмоционалдық, экспрессивтіліктің бойында үнемі болуға тиіс құрамдас бөлігі деп түсініп қалмау керек. Мысалы, көркем шығармаларда жиі ұшырасатын «қарағым», «шаш ал десе бас алатын» тіркесінің семантикасында да экспрессивтілік бар, ол «шаш, бас» сөздерінің семантикасында да экспрессивтілік бар. Ол «Шаш, бас» сөздерінің ұйқас алынуы және «ал» сөзінің қайталанып келуі арқылы да берілген.
Тағы бір мысал:- «Тәңірім-ай, келдің бе? Деп екі бетін алақанымен басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген әйел затына тән босаңдық немесе долдылықпен емес, көбік ата талқып-тасыған қуаныштан жылаған жыласын... жыласын» (Атау кере).
Келтірілген сөйлемдердегі эмоционалды мән айқын. Осындағы «Тәңірім-ай» сөзі одағай сөзі ретінде эмоционалды мәнге ие болса, табиғатынан эмоционалды «еңіреп» сөзіне одан кейін синонимдік қатармен берілген «жылап жіберді» сөзі тіркесіп оның көркемдік бояуын күшейтіп тұр. Алдыңғы ойлар тұрғысынан бұл сөйлемдерде экспрессивтілік бар ма? Деген сұрақ туындайды. Бұл сөйлемдегі сөздерде де эмоция мен бірге экспрессивтілік бар.бұл алдымен, «көбік ата шалқып-тасыған қуаныш» сияқты метафоралық сөз тіркесінен көрінсе, екіншіден «жылаған.., жыласын» сөздеріндегі әріп, буын ұқсастықтарын және бір сөздің бірнеше рет қайталанып келуінен және сөз соңында көп нүкте арқылы жасалған интонациялық әсерден де байқалады. тағы бір айта кетерлік жай - экспрессивтіліктің дамыту түрінде қолданылатын эмоционалды сөздер де болатындығы Мысалы: тәуір – жақсы –тым жақсы- тамаша деген сөздерді алайық. Бұл тізбектегі сөздердің бәрі де эмоционалды мәнді сонымен бірге оларды салыстырмалы түрде, не күшейтпелі түрде жұмсағанда байқалатын экспрессивтілік рең де бар.
Сонымен біз жоғарыда келтірілген деректерден эмоционалдылық бар жерде экспрессивтілік те болатынын және бұлардың бір-бірінен нақтылы айырмашылықтары да бар құбылыстар екенін көз жеткіздік.
Атақты тіл маманы А.М. Кожина «стилистика русского языка» атты кітабында эмоционалды лексиканы үлкен екі топқа бөледі [8, 223].
1.Эмоционалды – экспрессивті (бояу)
2. Функционалды – стилистикалық (бояу)
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың өзіе тағы 3 түрге бөліп қарастырады.
1. Бір мағыналы яғни, о баста табиғатынан эмоционалды-экспрессивті сөздер.
2. Көп мағыналы-ауыспалы мағынада қолдану арқылы эмоционалды мәнге ие болатын сөздер.
3. Қосымшалар арқылы жасалған эмоционалды-экспрессивті сөздер.
Ал өзбек ғалымы Л.Абдуллаева эмоционалды-экспрессивті лексиканың «жағымды» (құрметтеу, кішірейту, еркелету) және жағымсыз (дөрекі, тұрпайы және ирониялық – кекту, қомсыну) болып бөлінетінін айта келіп: «жағымсыз мәндегі эмоционалды лексика тек жаман кейіпкерлерді сомдау үшін ғана емес, сонымен қатар жағымды кейіпкерлердің жағымсыз эмоцияларын реніш, күйініштерін, ашуын суреттеу мақсатында да пайдаланады», - десе, П.А. Эфендиева «эмоционалды-экспрессивті лексиканы тудырудың классикалық үлгісі тұрақты сөз тіркестері, яғни фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер» - деген пікір айтады.
Осындай қолда бар деректер мен сипаттамаларды негізге ала отырып былайша жіктедік:
1) Эмоционалды реңді сөздер мен сөз тіркестері (Екі қалпақ) (Зұлым жау).
2) Экспрессивті мәнді сөздер (шаһар дидарласу,көз жүгірту)
3) Эмоционалды мәнді сөздер мен сөз тіркестері (Ғажап, ит өлген жер).
4) Экспрессивті реңді сөздер мен сөз тіркестері (көңіл-құсы, ысқыртып жіберді).
Көркем шығарманың басты элементі тіл дегенде ұлы Горькийдің ойында қалай болса солай қолданылған сөз жиынтығы емес оқырманын бір дегеннен-ақ өзіне икемдей беріп, кешіктірмей үйіріп тарта жөнелетін, бірден түсінікті болатын таза тіл болғаны, өз пкірін сол жөнінде айтқаны даусыз. Ал мұндай тіл, сөзсіз эмоционалды, экспрессивті мән мен реңге тікелей байланысты, сол арқылы қажетті әр менәсерге ие болады. Сондықтан да боар тілдегі осы бір құбылыс тек тіл мамандарының ғана емес, сонымен бірге ақын-жазушыларымыздың да назарында келе жатқан мәселе екені байқалады.
Халықтық тілдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік тудырудың бірден-бірсөзі – дөрекі сөздер, архаизм, варваризмдер, жалған этимологиялы сөздер болып табылады.
Эмоционалдық пен экспрессивтілік тудыруға тек бейнелі сөздер ғана емес, жалпылама, арнаулы көнерген, неологизмдер, кітаби лексика, тұрмыстық сөздер, қарапайым сөздер, диалектизм бәрі де қатысыды. Әңгіме тек олардың қалай және қандай мағынада қолданылуында. Бірақ тілімізде өзінің заттық-лексикалық мағынасы о бастан эмоционалды-экспрессивті мәнді болып ұшырасатын сөздер болатыны белгілі.
Эмоционалды және экспрессивті сөздердің бір алуына ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі кездесетін дөрекі сөздер екені мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет