Емтихан билеті №1



бет20/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Ежелгі үнді тіл біліміде морфологиядан кейінгі көп зерттелген сала — фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешкайсысында Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алмаған. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген. Ежелгі үнді тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: "Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене түрса да, еуропалық тіл білімі 19 ғасырға дейін көтеріле алмады",— деп жазады.[1]
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған бірнеше лингвист ғалымдар болған.[

  1. Этнографиялық лингвистика.

Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыппен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір ХVІІІ ғасырдың соңға жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің /1744-1803/ поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Вильгельм Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау XX ғасырдың 20-30 жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі - Америкада, екіншісі - Германияда.
Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар - Эдуард Сепир /1884-1939/ мен Бенджамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Э.Сепирдің «Тіл» (1921), "Лингвистиканың жайы" (1929), Б.Уорфтың "Тіл, ойлау және шындық" (1956) деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет