Емтихан билеті №1


Тілдің ой-санамен қарым-қатынасы



бет41/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

3.Тілдің ой-санамен қарым-қатынасы.
Енді сана мен тілдің байланысын қарастырсақ, əртүрлі ғалымдардың еңбектерінде əрқилы ғылыми жəне əдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп жүр. Ғалымдардың аталмыш мəселені жан-жақты талдауы арқылы «тілдік сана» ұғымының күрделілігін байқауға болады. Көптеген зерттеулердің барлығына қарамастан бірегей тұтас тілдік сана теориясы бар деп айта алмаймыз. Тілдік сананы талдау амалдарының ортақ нəтижесі көрсетіп отырғандай, тілдік сана тіл арқылы көріністенеді. 

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді. 

Қорытындылай келсек Тіл мен сананың байланысы, әр сөз сөйлеу үшін тілді қалай қолдану керектігін ойымыздағы сана арқылы шешеміз. Енді адам баласы кіммен болсын, сөйлегенде ойланып, тілімізді дұрыс жағына қарай қолданайық !!!


Емтихан билеті №16

  1. XVII – XVIII ғасыр лингвистикасы.

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.Бұл дәуірдің тіл біліміндегі негізгі проблемалары: 1) Ұлттық тілдерді қалыптастырып, дамыту; 2) Жаңадан ашылған тілдерді үйреніп, зерттеу; 3) Көне заман тіл біліміндегі ой- пікір, филологияны көркейтіп дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады. Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы». Жинақталған материалдар негізінде әр түрлі тілдер фактілерін бір- біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, сонын нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлер туды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет