Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет26/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»

Күкірт айналымы

Күкірт айналымы– табиғатта күкірттің үздіксіз айналу құбылысы.
Күкірт өзінің оксидтері SО3 пен SО2, күкіртсутек Н2S және бос күкірт күйінде жанартаулардың атқылауы кезінде сыртқы ортаға шығарылады. Сонымен қатар табиғатта Күкірт айналымына көп мөлшерде темір, қорғасын, мырыш, т.б. металдардың сульфидтері қатысады. Сульфидтер құрамындағы күкірт биосферада көптеген микроорганизмдердің әсерінен сульфаттық күкіртке дейін тотығып топырақ пен судың құрамында болады. Топырақтағы сульфаттарды өсімдіктер бойына сіңіреді. Адам мен жануарлардың организмінде күкірт аминқышқылдары мен белоктың құрамында болады, ал өсімдіктерде эфир майларының, т.б. құрамына кіреді. Топырақта және теңіз лайларында өлі организмдер қалдықтарының ыдырауы кезінде күкірттің өте күрделі өзгерістері байқалады. Микроорганизмдер әсерінен белоктың ыдырауы нәтижесінде пайда болған күкіртсутек әрі қарай бос күкіртке не сульфаттарға дейін тотығады. Бұл процесте түрлі микроорганизмдердің қатысуы нәтижесінде күкірттің көптеген аралық қосылыстары түзіледі. Топырақтағы күкіртсутектен түрлі сульфидтік кендер, ал сульфаттардан гипс кендері түзіледі. Сульфидтер мен гипстің ыдырауы нәтижесінде бөлініп шыққан күкірт қайтадан күкірт айналымына түседі.



  1. Неотропикалық патшалық.

Неотропикалық патшалық толығымен жаңа дүниеде орналасқан, оның флорасының палеотропикалықпен ортақ шығу тегі бір көптеген жалпы тұқымдастар бар. Осындай тұқымдастар - аннон, лавр, мирт, орхидея, пальма, т.б. Сондай- ақ жалпы түрлер де жеткілікті (шамамен 450-ден кем емес). Мұның барлығы біраз уақыт барысында Ескі және Жаңа дүниенің тропиктері аралығында тығыз миграциялық байланыстың бар екендігін дәлелдейді.
Тропиктік Батыс Африка флорасы мен тропиктік Оңтүстік Америка флорасының аралығығда осындай, мысалы Бромели тұқымдастарының таралуы. Патшалық өсімдікке бай, шамамен, 30 эндемиктік тұқымдас пен көптеген эндемиктік түрлер бар. Эндемиктік тұқымдастар арасында 1 канна түрінен тұратын канна тұқымдасы. Ориноко өзеніне тән пальмалардың алуан түрлері, Америкалық орхидеялар түрлері, құнды тағамдық өсімдіктер, ваниль түрлері. Неотропикалық патшалық Кариб-23, Гвиана таулы үстірті-24, Амазонка-25, Бразилия-26 және Анд-27 сияқты 5 облысқа жіктеледі.
Неотропикалық патшалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет