Голантарктикалық патшалық
Голантарктикалық патшалық. Голантарктикалық патшалық бұл салыстырамалы түрде кедей патшалық, 11 кіші эндемиктік тұқымдас пен эндемиктік туыстың маңызды бөлігінен тұрады. Голантарктикалық патшалық құрамына кіретін территориялардың бір-бірінен алшақтығына қарамастан (мысалы, Хуан-Фернандес және Отты Жер аралдарын Жаңа Зеландиядан үлкен теңіздік кеңістік бөліп жатыр), оның флорасының құрамында ортақ туыстар аз емес, сондай-ақ жақын тіпті бірдей түрлер де бар. Хуан-Фернандес және қоңыржай Оңтүстік Америка аралдарының, Антарктика аралдары мен Жаңа Зеландия, сондай-ақ Тасмания мен Оңтүстік Шығыс Австралия және Оңтүстік Африканың аралығында көптеген ортақ таксондардың болуы биогеографтарды бұрынырақ Оңтүстік жарты шарда қоңыржай флорасының ежелгі орталығы болған деген тұжырымға әкеледі.
Голантарктикалық флораның гүлденуі оңтүстік материк Гондвананың бөлігін құрайтын, бұрын ажыраған бөліктері патшалыққа, содан соң бірыңғай құрлыққа біріктірілген кезеңге сәйкес келеді. Бор дәуірінің басында оңтүстік материк - Гондвана болды, оның оңтүстік қоңыржай және субтропикалық зоналарында голарктикалық патшалықпен қатар дамыған голантарктикалық флора қалыптасты.
Геологиялықпен қатар, көрсеткіштермен бірге биогеографиялық көрсеткіштер де мынаны көрсетеді: Гондванадан өте ертеректе Африка бастап бөлінеді, сондықтан голантарктикалық элемент көрінісі Оңтүстік Африкада басқа Оңтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарына қарағанда әлсіз болып келеді. Эоценде (45-50 млн. жыл бұрын) солтүстік бағытта Австралия шегіне бастады, соның негізінде оның Антарктида арқылы Оңтүстік Америкамен байланысы үзілді. Австралия Үнді-Антарктида көтерілулерінен солтүстікке 15°-қа жылжыған кезеңде, Антарктида оңтүстікке қарай 15°-қа жылжыды. Австралия флорасының әрі қарай дамуы өз алдына жеке жүрді және голантарктикалық элемент, ең алдымен Оңтүстік-Шығыс Австралия мен Тасмания тауларында сақталды. Антарктида да қазіргі жағдайға көшті және оның өсімдіктер дүниесі өте күшті кедейленді. Патшалықтың қазіргі флорасы маңызды эндемизммен (түрлердің 75%-ға дейін) сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |