ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ (Лалагүлдер тұқымдасы)
Мәртебесі: саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Солтүстік шөлден (Қызылорда қаласының маңынан) Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жотасынан Шу-Іле тауларына және Іле Алатауының шығыс бөлігіне (Қордай асуына) дейін кездеседі. Қазақстан жерінен шамалы ғана шығады, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында ғана таралған. Тау етегі мен тау жазықтықтарында, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде өседі, субальпі белдеуінің төменгі шекарасына дейІн көтеріледі. Гүлінің түсінің керемет алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Қаратаудың жекелеген сайларында кездескен әр түрлі формаларын кейбір авторлар жеке түрлерге жатқызған. Тек тұқьш арқылы көбейеді. Табиғатта көшеті 10-12 жылдан кейін бірінші рет гүлдейді. Әсіресе елді мекен маңындағы гүлдеп тұрған өсімдіктерді жаппай жинау, осы маңдағы өсімдіктердін түгел жойылуына әкеліп соқты. Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қазіргі жүйелеу бойынша олар «Грейг қызғалдағы және оның будандары» атты ерекше класқа бөлінеді. Сондықтан Қазақстан халқының алдындағы ең жауапты міндет — тек табиғатта біздің ландшафтың әшекейін қорғап қана қоймай, табиғи сортты байытудың бағалы көзін қорғау болып табылады. Қорғалатын жерлерде (Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Берікқара мен Қызыл тау қорықшалары) түр өзін жақсы сезінеді. Кейде оның тығыздығы 1 шаршы метр жерде 150 дараға дейін жетеді, оның алпысы гүлдейді. Осындай керемет көріністі қызықтау үшін Қазақстанға жыл сайын Англиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Жапониядан және т.б. елдерден жүздеген адамдар келеді.
АҚҚАҢБАҚТҮСТІ АЛЛОХРУЗА (Қалампырлар тұқымдасы)
Мәртебесі: саны қатты қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянъ-Шань мен Памир-Алай эндемигі. Біздің елімізде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы таулар мен тау етектерінде кездеседі. Шөлді, шөлейтті және саванналы жерлерде тау етегі жазықтығынан орташа тау белдеуіне дейін өседі. Бұтақтанған, дерлік шар тарізді ұсақ ақ гүлдердің селдір жиынтығы өте әдемі. Түр тіршілігінің өте ұзақтығымен (200 жылға дейін) және салмағы 2-3 кг-ға жететін, негізгі жуан тамырымен ерекшеленеді. Құрамыңда салонин (25% шамасыңда) бар, ол кең түрде қолданылады. Азық-түлік өнеркәсібінде халуа дайындау, тоқыма өнеркәсібінде маталарды ағарту, аң терісі өнеркәсібінде өңсіздендіру жәңе теріні жарқырату үшін пайдаланады. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. «Түркістан сабынды тамыры» деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын. Осының әсерінен азайып, кей жерлерде тіпті жойылып та кетті. Кейбір мамандардың айтуына қарағанда, соңғы 20 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында аллохруза қоры қалпына келді және енді ішінара даярлауға болады деп есептейді . Дегенмен сабынды тамырды мәдени түрде өсіруді жаңғырту керек. 40 жыл бұрын оны Қазақстан мен Өзбекстанда өсіріп байқаған. Табиғаттан қазып алынғанға қарағанда, 4 жылдық мәдени өсіру арзан шикізат беретіні анықталды. Популяциясының біразы Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.