ТАЛАС БӘРПІСІ (Сарғалдақгар тұқымдасы)
Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас және Угам жоталары, Қырғыз Алатауының батыс бөжгі) кездеседі. Өзен жағалауларында, аршалы ормандарда және шалғынды алаңқайларда, көбіне субальпі белдеуінде еседі. Үш-торт біріккен түйнек тізбегінен тұратын кішілеу тамырсабағы мен биік сабағындағы көптеген көгілдір гүлдерімен ерекшеленеді. Туыстың басқа өкілдері сияқты құрамында улы заттар — алколоидтар бар. Бірақ көпке танымал «ыстықкөл тамырына» қарағанда, олардың химиялық құрамы басқа және аконитпен уланғанда уға қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Халық медицинасында қолданылады. Дәрілік шикізат ретінде тамырын көп жинау әсерінен саны азайып отыр. Ақсу-Жабағылы корығында қорғалады.
ҚАРШЫЛ ШҮЙГІНШӨП (Шүйгіншөптер тұқымдасы)
Мәртебесі: түр түсініксіз (популяциясының саны мен жағдайы толық зерттелмеген). Қазақстан Қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған болатын. Анда-санда, бірақ Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Қаратау, Шу-Тле тауларында және Бетпақдала шөлінің оңтүстігінде кең таралған. Қазақстан жерінен тыс Тянь-Шань тауынан басқа, Памир-Алай тауларында кездеседі. Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді. Түйнегінің химиялық құрамы жағынан дәріханалық шүйгіншөл түйнегіне жақын және дәрілік шикізат ретінде пайдалануға болады. Оның ащы дәмі мен езіне тән иісі болады, олар құрғақ шикізатта өте ұзақ сақталады. Кейбір шүйгіншөп түрлерінде иісі 100 жыл гербарийде сақталғаннан кейін де болады. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.
БАТПАҚ ЖЫЛАНТАМЫРЫ (Сүйсіндер тұқымдасы)
Мәртебесі: сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның солтүстігінде және шығыс пен оңтүстік тауларында — Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін кездеседі. Республика жерінен тыс Азия мен Еуропада кең таралған. Ылғал балшықты шалғыңдарда, қияқөлеңді саз балшықтарда, бұталар арасында және жағалаудағы жапырақты ормандарда өседі. Ұзын жатаған тамыр сабағымен және кәдімгідей биік сабағымен (70 см-ге дейін), көптеген сопақша жапырақтарымен ерекшеленеді. Ернінің қабыршақ тәрізді бөлігінен бөлінетін шырын, тозандандырғыш насекомдарға есірткілік әсер етеді. Оның ұйықтатын әсерінен (сондықтан «ұйықтатқыш» деп атайды) жабайы бал аралары мен аралар ұша алмай, тек гүлден гүдге жорғалап қозғалады. Осылай жаппай тозандандыруға жетеді, яғни 80% жеміс береді. Тұқымы жеңіл, ұсақ (әр жемісте 4500-ге дейін). Туыстың ең сонді өкілдерінің бірі, өте ертеден мәдени өсіріледі (III ғасырдан бері). Табиғаттағы саны батпақты жерлердің құрғауынан, өзеңдердің су тәртібінің бұзылуынан, малдың таптауынан және отаудан қысқарып отыр. Шағын популяциялары Ақсу-Жабағылы қорығы мен «Бурабай» ұлттық паркінде қорғалады.
КӘДІМГІ ЕМЕН (Шамшаттар тұқымдасы)
Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін түр. Республиканың тек солтүстік-батысында Жайық пен Елек өзендері аңғарында кездеседі. Бұл еуропалық орман түрінің таралу аймағының шығыс шекарасы болып табылады. Өзен жайылмалары, жыралары мен сайларында шағын тоғайлар болып өседі. Емен ормандарының көлемі мен еменнің таралу аймағы Қазақстанда соңғы жүз жылдықта адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен кәдімгідей қысқарып отыр. Қазіргі кезде Орал облысының солтүстігінде тек төрт жерден ғана, яғни Кирсаново, Беленькое, Аманкелді және Жайық маңы елді мекендерінен белгілі. Мәдени түрде, әсіресе Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.