Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ерекшеліктері



бет1/8
Дата08.06.2020
өлшемі33,72 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ерекшеліктері

Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеудің ішкі аурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн. Эндокринопатия диагноздарын қоюдың басым көпшілігі зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап етуіне қарамастан, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу қорытындылары маңыздырақ болып табылады.

Эндокринопатия анамнездерінің жалпы ерекшеліктерінің ішінде ескеретін жәйт, қантты диабет пен бірқатар басқа да ауруларды есептемегенде, эндокринді патологиялардың көпшілігі жиі салыстырмалы жастық шақта дамиды. Көптеген эндокринді бездер қызметінің бұзылуы кезінде дене салмағы, сыртқы келбет, физикалық белсенділік пен жыныс қызметі өзгереді. Әйелдерде жүктілік пен босану фактісінің болуы жорамалды анамнез ретінде ауыр эндокринді патологияның бар екеніне күмән тудырады. Эндокринді сырқат жөнінде анамнез жинау барысында талқылануға тиіс маңызды сұрақтар төмендегі 1.1 кестеде көрсетілген.

Клиникалық тәжірибеде кең тараған көптеген ауруларда нақты диагноз қоюда, отбасылық анамнездің маңызы шектеулі деуге болады (қантты диабеттің 2 типінен басқа). Бұл эндокринопатиялардың басым көпшілігі тұқым қуалайтын аурулар емес, тұқым қуалауға бейім патологиялар болуына байланысты болса керек.



1.1 кесте. Көптеген эндокринді патологияларға тән анамнез мәліметтері




Дене салмағының азаюы (жиі айқын)

Дене салмағының көбеюі (сирек айқын)

Сырт келбеті мен психикасының өзгеруі

Менструальды циклдің бұзылуы

Бедеулік

Либидоның төмендеуі

Эректильді дисфункция

Галакторея

Тер бөлінуінің бұзылуы (тершеңдік, терінің құрғақтығы)

Шаш өсудің бұзылуы (гипертрихоз, шаштың көп түсуі)

Кардиомиопатия (ырғақтың бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі)

Артериялық қан қысымының өзгеруі (гипотензия, гипертензия)

Тамақтану тәртібінің бұзылуы (анорексия, булимия)

Бұлшықеттік әлсіздік

Сүйектердің сынуы

Өсудің тежелуі

Эндокринді сырқаттың отбасылық анамнезі


Балалар эндокринологиясы тәжірибесінде тұқым қуалайтын аурулардың үлестік салмағы айтарлықтай жоғары. Дегенмен, бірқатар тұқым қуалайтын эндокринопатиялар, алғаш рет ересек жаста да басталуы мүмкін (көптеген эндокринді неоплазия синдромы). Көптеген эндокринді ауруларда науқасты қарап тексеру барысында-ақ диагноздың қойылу мүмкіндігі жоғары (1.2 кесте).

1.2 кесте. Науқасты қарау барысында диагнозы түсінікті (анық) аурулар




Кушинг синдромы

Акромегалия

Грейвс ауруы (офтальмопатия болғанда)

Тернер синдромы

Аддисон ауруы


Көптеген эндокринопатиялардың айқын клиникалық симптоматикасының науқастың писхикалық ерекшеліктерімен бірігуі, дәрігерде диагностикалық концепцияның бірден, науқасты алғаш қарағанынан бастап қалыптасуына септігін тигізеді және диагноз қоюда маңызды кейбір шағымдарды науқастың өзі айтпауына байланысты, дәрігер сұрастыруды белсенді түрде жүргізеді. Дегенмен, кейде тіпті тәжірибелі эндокринологтың алғашқы қорытындысы гормональды зерттеу нәтижесі бойынша да дәлелденбейтін кездер болады (мысалы, гипотиреоз).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет