Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет66/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   435
Байланысты:
document

Салыстырмалы диагностикасы
Ересек адамдарда гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігін дене салмағының айқын төмендеуімен сипатталатын бірқатар аурулармен (қатерлі ісіктер, туберкулез, энтероколиттер,спру мен спрусекілді синдромдар, порфирия ауруы және т.б.), сонымен қатар жүйкелік анорексиямен салыстырмалы диагностикалау қажет (11.4 бөлімді қараңыз). Бірнеше эндокринді бездер жеткіліксіздігінің тіркесуі аутоиммунды полигландулярды синдромдар шеңберінде кездеседі (9.1 бөлімді қараңыз).
Идиопатиялық гипофизарлы нанизмді басқа да өсу кемістігіне әкелетін аурулармен ажыратады: туа біткен гипотиреоз, ерте жыныстық жетілу, бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, қант диабеті (Мориак, Нобекур синдромдары), ауыр соматикалық аурулар салдары, генетикалық остеоартропатиялар, сонымен қатар отбасылық өсу кемістігі (конституциональды бой өсуінің тежелуі). Соңғы жағдайда ата-аналардың біреуінде бойдың қысқалығын анықтауға болады.
Гипофизарлы нанизмді бірқатар генетикалық синдромдармен ажырату қажет: прогерия (Гетчинсон-Гилфорд синдромы), Ларон синдромы (рецепторлар геніндегі ақаудың нәтижесінде өсу гормонына перифериялық сезімталдықтың болмауы), Рассел-Сильвер синдромы (дене асимметриясымен құрсақішілік бой өсудің тежелуі), Секкель синдромы (құстың басы сияқты ергежейлі), Прадер-Вилли синдромы (туылғаннан бастап бой өсудің тежелуі, семіздік, крипторхизм, гипоспадия, олигофрения), Лоуренс-Мун—Бард-Бидль синдромы (ергежейлік, торлы қабықтың пигментті дегенерациясы, көру жүйкесінің дискілерінің атрофиясы, гипогонадизм, ақыл ойының тежелуі), ахондроплазия (аяқ-қолдың диспропорционалды қысқаруынан бой өсудің тежелуі).


Емі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет