«Энергия» бөліміне қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Тақырыптары
«Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия. Энергияның сақталу және айналу заңдары»
Оқу мақсаттары:
7.2.3.2 Механикалық энергияның екі түрін ажырату
7.2.3.4 Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану
7.2.3.6 Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы -
Ойлау дағдыларының деңгейлері:
Тапсырма-1
Суретте кескінделген денелердің қайсысы кинетикалық энергияға, қайсысы потенциалдық
m
энергияға ие болады?
h
Дескриптор :
Білім алушы - кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды.
Тапсырма-2
Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с-қа артты. Осы жолдағы кинетикалық энергияның өзгерісін табыңыз.
«Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 750 м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай?
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
Дескриптор:
Білім алушы - кинетикалық энергия формуласын есеп шығаруда қолданады.
Тапсырма-3
Массасы 100 г, тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соқтығысуы алдындағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін анықтаңыз.
Дескриптор:
Білім алушы - механикалық энергияның сақталу заңын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |