№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет180/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   293
Байланысты:
педагогика

Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
 
 
Тәрбие әдісін жіктеудің  көптеген түрлері бар.   Соның ішінде  Т.Е.Конникова, 
Г.Щукина тәрбие әдістерін 3 топқа бөледі. 
Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу 
Тәрбие әдістері 
Тәрбиеленушілердің 
іс-
әрекетіндегі, 
қарым-
қатынасындағы, 
мінез-
құлқындағы 
жағымды 
Жеке 
адамның 
санасын 
қалыптастыру 
әдістері 
Мадақтау  және  жазалау 
әдістері 


тәжірибені 
қалыптастыру 
әдістері: 
 

 
қоғамдық пікір; 

 
үйрету; 

 
бақылау; 

 
жаттығу; 

 
педагогикалық талап; 

 
арнайы 
тәрбиелік 
ситуациялар құру. 

 
саяси, 
этикалық әңгіме; 

 
әңгімелесу; 

 
диспуттар; 

 
лекциялар; 

 
түсіндіру; 

 
өнеге. 
 

 
Мадақтау;  

 
Жазалау. 
 
Жоғарыда  көрсетілген  тәрбие  әдістерінің  жіктеуінде  баланың  адамгершілік 
санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. 
Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің классификациясы 
ойдағыдай  қолданылуда.  Бұл  жіктеуде  тәрбие  әдістері  4-топқа  бөліп 
қарастырылады. 
В.А.Сластенин жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу 
Тәрбие әдістері 
Жеке 
адамның 
санасын 
қалыптастыру 
әдістері 
Қоғамдық 
мінез-
құлық  тәжірибесін 
қалыптастыру  және 
іс-әрекетін 
ұйымдастыру 
әдістері: 
Іс-әрекет  пен 
мінез-құлықты 
ынталандыру 
әдістері 
Бақылау, 
өзін-өзі 
бақылау  және  өз-
өзіне 
баға 
беру 
әдістері 

 
әңгіме; 

 
лекция; 

 
диспут; 

 
өнеге. 

 
педагогикалық 
талап; 

 
қоғамдық 
пікір; 

 
тапсырма; 

 
жаттығу; 

 
тәрбиелеуші 
ситуация. 
 

 
мадақтау; 

 
жазалау; 
 

 
педагогикалық 
бақылау; 

 
әңгіме; 

 
сұрау  (анкета, 
ауызша); 

 
қоғамдық 
пайдалы 
іс-
әрекеттерінің 
нәтижелерін талдау; 

 
балалар 
ұйымдарының 
тапсырмаларын 
орындау        
 
Қазіргі  кезде  тәрбие  әдістерін  жіктеудің  11-ден  астам  түрі  бар.  Әрбір  тәрбие 
әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарастарға сендіре білуге, жеке 
және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді. 


Тәрбие  әдістерін  жіктеудің  бірыңғай  болмауының  негізгі  себебі  –  тәрбие  өте 
күрделі процесс болғандықтан, әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының 
мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуін талап етеді. 
Педагогикалық  әдебиеттер  мен  тәжірибеде  тәрбие  әдістерінің  көптеген 
түрлерінің  сипаттамасын  кездестіруге  болады.  Тәжірибеде  мақсат  пен  нақты 
жағдайларға  сай  әдістерді  таңдап  алу  қиын.  Сондықтан  оларды  тәртіпке  келтіру, 
яғни жіктеу қажет.  
Жіктеу  –  арнайы    белгілері  арқылы  құрастырылған  жүйе.  Әдістерді  жіктеу 
олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік 
жақтарын  анықтауға  көмектесіп,  оларды  дұрыс  таңдап,  нәтижелі  қолдануға  әсер 
етеді.  
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі 
әдістер  мен  олардың  түрлерінің  қызметі  мен  өзіне  тән  ерекшеліктерін  де  жете 
түсінеді.  
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді: 
-
 
жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады; 
-
 
оқушыларды  тәрбиелеу  процесі  -  өте  күрделі  іс-әрекет,  оның  негізі–  өз 
санасы,  сезімдері,  дүниеге,  адамдарға,  өз  өзіне  деген  қатынасы,  күрделі  ішкі 
дүниесі  (мотивтері,  тілек-талаптары,  ынтасы),  өзінің  ұйымдасқан  және 
ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам; 
-
 
жеке  тұлғаның  қалыптасып  келе  жатқан  қасиеттері  құрылысы  жағынан 
күрделі. 
Адамгершілік,  эстетикалық  және  басқа  қасиеттер  сезімдерден,  санадан 
(түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады. 
Осы  қағидалар бойынша  кей  әдістер,  көп  жағдайда,  мотивтерге,  мақсаттарға, 
қатынастарға,  мағұлматтарға,  түсініктерге,  пікірлерге  әсер  етеді,  ал  енді 
кейбіреулері  мінез-құлықтың  қандай  да  бір  түрін  қалыптастыратын  әдеттерге 
ықпал  етеді,  ал  басқалары  балалардың  мінез-құлқын  реттейді.  Қазіргі  уақытта 
тәрбие  әдістері  мінез-құлыққа  негізделген,  мотивтік-мақсатты  мазмұнды, 
процессуалдық  жақтарын  біріктіретін  бағыттылық-интегративтік  сипаттамасы 
негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). 
Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:  
-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;  
-іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
мен 
қоғамдық 
мінез-құлық 
тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері;  
-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері. 
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, 
насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, 
үлгі жатады. 
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру 
әдістеріне:  жаттығу,  әдеттену,  педагогикалық  талап,  қоғамдық  пікір,  тапсырма, 
тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар. 
          Мінез-құлық  пен  іс-әрекетті  ынталандыру  әдістеріне:жарыс,  мадақтау, 
жазалау жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет