Кельвин принципі: кейбір денеден тартып алынған жылуды механикалық жұмысқа түрлендіретін және сол кезде басқа денелерде ешқандай өзгерістерді тудырмайтын циклдық процесті жүргізу мүмкін емес.
Сөйтіп, жылу двигателі жұмыс істеу үшін суытқыш қажет (үшінші дене). Энергияның сақталу заңына сәйкес двигательдің атқаратын жұмысы мынаған тең:
Двигательдің атқаратын жұмысының, қыздырғыштан алатын жылу мөлшеріне қатынасын жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) деп атайды: (6.24)
Двигательдің атқаратын жұмысы мейлінше жоғары болу үшін Карно циклын пайдалану керек.
,
,
,
,
.
Адиабаттық процестер үшін мынаны жазуға болады:
, , немесе .
Сонда ПӘК былайша табылады:
Карно теоремалары:
Суытқыш пен қыздырғыштың берілген температурасында жұмыс істейтін жылулық машинаның ПӘК-і суытқышпен қыздырғыштың сол температурасындағы қайтымды Карно циклы бойынша жұмыс істейтін машинаның ПӘК-нен жоғары бола алмайды.
Карно циклының ПӘК-і жұмыстық дененің тегіне тәуелсіз.
Энтропия және оның қасиеттері
Энтропия ұғымын алғаш рет Клаузиус еңгізген (1865). Бұл ұғымның физикалық мағынасын анықтау үшін изотермиялық процесс кезінде дененің алатын жылуының жылуды беретін дененің температурасына қатынасын қарастырады. Бұл қатынасты келтірілген жылу мөлшері деп атайды.
Процестің шексіз кішкентай бөлігіндегі денеге берілетін келтірілген жылу мөлшері -ға тең.
Кез келген қайтымды дөңгелек процесс кезінде денеге берілетін келтірілген жылу мөлшері нолге тең
(6.25)
Достарыңызбен бөлісу: |