1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Тамақтанудағы А дәруменінің маңызы. Негізгі тамақ көздері. Гипожәне гипервитаминоздар, клиникалық белгілері



бет13/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

11.Тамақтанудағы А дәруменінің маңызы. Негізгі тамақ көздері. Гипожәне гипервитаминоздар, клиникалық белгілері.
А витамині майда еритін витаминдер тобына жатады. А витамині агзада өсуді қамтамасыз етеді , сонымен катар эпителиалды клетканың дамуына әсер етеді, көздің торлы қабатының таяқшаларында көру пигментінің құрамына кіреді, және А витаминінін жетіспеушілігінде қаранғыда көрудің нашарлауы ауру, конъктивит дамиды. А витамині тек жануар текті өнімдерде кездеседі. Дегенмен адам организмінде А витамині өсімдік текті өнімдерде кеңінен кездесетін каротин деп аталатын, бірқатар пигменттерден түзіледі. Каротиндердің изомерлері адам организмінде А витаминін түрлі қабілеттілікпен түзеді. Ең белсенді каротин . Ересек адамның А витаминіне деген қажеттілігі тәулігіне 1 мг құрайды. Жануар текті өнімдерден А витаминінің жоғары мөлшері балық майында , сиыр бауырында , шошқаның бауырында , аз мелшерде сары майда , жұмыртқада, сүттекездеседі. Өсімдіктерде қызыл сәбізде , көк жуада, қызыл бүрышта , абрикоста , қызанақта кездеседі. Жаз бен күз айларында сиырлар β— каротинге бай жемді көп қабылдағанда, оның сүттегі мөлшері барынша жоғарылайды нәтижесінде β— каротин сары пигмент болғандықтан, сүттің және әсіресе, майдың түсі сарғая түседі. Термиялық өңдеуде А витаминінің 40% жоғалады. Ересек адамның бауырындағы А витаминінің қоры жеткілікті (негізінен ол 1 - 2 жылға жетеді), сондықган ересектерде осы витаминнің айқын жеткіліксіздігі сирек кездесетін құбылыс. Балалардың бауырында А витаминінің қоры жеткіпіксіз болғандықган, оларда осы витаминнің жетіспеушілігі жиі кездеседі, сол ушин тамақ үлесіне сәбізді, балық майын, бауырды қосу ұсынылады. Витамин жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері тәбеттің төмендеуі, арықтау, тез шаршау; әртүрлі инфекцияларға жоғары сезімталдық; түнгі соқырлық; конъюнктиваның ксерозы, блефарит, терінің бозаруы, құрғақтығы, фолликулярлық гиперкератоз; шаштың құрғақтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет