сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;
тәрбиелік шараларды өткізу;
оқушылармен бірігіп өткізілген тәрбиелік шараларға талдау жасау;
алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәрбие жүйесінің қалыптасу деңгейін анықтау екі өлшем, яғни факт және сапа арқылы жүргізіледі. Бірінші өлшем тәрбие жүйесінің қалыптасқан немесе қалыптаспаған жағдайын анықтауға мүмкіндік берсе, ал екіншісі – оның деңгейі мен нәтижесін анықтайды.
Бірінші өлшемнің көрсеткіші болып танылады:
мектептің өмір сүру әрекетінің талапқа сай келуі (оқу-тәрбие жұмысының мазмұны, көлемі және сипаты, мүмкіндігі және жағдайы);
бірыңғай мектеп ұжымының қалыптасуы;
тәрбиелік ықпалдың болуы, педагогикалық күштердің шоғырлануы.