4. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру Үйірме жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдарда апта сайын, кешкі мезгілде 16.00-ден 16.30-ға дейін өткізіледі.
Үйірме жұмыстары мектепке дейінгі ортаңғы және ересек топ балаларымен ғимараттарда жүргізіледі:
Топтық бөлмелер
Музыка залы
Бейнелеу өнері студиясы
Денешынықтыру залы
Компьютер сыныбы
Тәжірибе көрсеткендей, үйірмеде айналысатын балалар, қаланың қосымша білім беру жүйесінің көркем, музыка, спорт мектептерінде үйренуді табысты жалғастырады. Балалар ұжымдары балалар шығармашылығы фестивальдарының, қалалық көру-байқауларының тұрақты қатысушыларына айналады. Түрлі спорттық жарыстардағы жекелеген тәрбиеленушілердің жеке жетістіктері де есепсіз.