1-жүргізуші: Алты алаш деген не? Оқушы: - Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
2-жүргізуші: Дүниеде не жетім?
Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшысы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
1-жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.
2-жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім? Оқушы: Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
1-жүргізуші: Дүниеде не қымбат? Оқушы: Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.