тыңдайтын.
Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп алған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға айналуына әсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп Шоқанның әжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жасөспірім Шоқанның өз құралпыластарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның «Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген.
Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуде ең алдымен әжесі мен оның әкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті.
Қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан Уәлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның әжесі – Айғанымның берген тәрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным әженің өнегесін моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.
Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Айғанымның мекен-жайының жұрты қазіргі Көкшетау облысы, Володарский ауданы Сырымбет ауылына таяқ тастам жерде.
Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқатады.
Қазақ қоғамында әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс тезге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбет ауанынан алыстатпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты «әжелер мектебінің» алар орны қашан да бір төбе болған ғой. Әжелер – барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әрине, ежелден қазақ халқының нәзік жандылары таққа отырып, ел басқармаған, ерінен бұрын сөз бастамаған. Осылайша әжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады.
Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына тереңнен сіңуіне де әже ықпалының айрықша болғаны да айдан анық. Яғни әрбір отбасындағы әже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.
XVI-XVIII ғасырларда-ақ айқындалып қойған емес пе еді?! Дана әжелердің қоғамдағы орны – XX ғасырдағы қазақ прозасында анық көрініс табуына да елеулі әсер еткен. Бұл мысалдардың барлығы – ақ жаулықты жандардың ұлағатын айна-қатесіз көрсетеді. Демек, ұрпағын жаза басудан сақтандырып, қайта өнегесімен өрісін кеңейткен әжелер болған, келешекте бола да береді.
Әжелер туралы жазылған өлеңдер көп. Әнге айналғандары қаншама?! Мәдениет пен әдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, оларға тарихымызды танытып, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін де – әжелеріміз. Дана халқымыз үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып, үлгі тұтқан. Қазақ отбасында әжелердің орны ерекше әрі қадірлі болған. Әлі де солай. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағып-қағып азамат етіп тәрбиелеген соң, немере-шөберенің тәрбиесімен айналысып, оларды қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Әже – отбасының ғана емес, әулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені әженің бауырына салады. Бұл тек біздің халыққа ғана тән қасиет. Сөйтіп, бала ата-әженің кенжесі саналады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт-дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әжелер мектебі – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |