Генетикалық ауруларды зерттеудің әдістерін түсіндіреді - Цитогенетикалық әдіс. Цитогенетикалық әдіс адамның қалыпты кариотипін, сондай-ақ геномдық және хромосомалық мутациямен байланысты тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау үшін қолданылады.
- Кариотипті зерттеу келесі әдістермен жүргізіледі:
- 1) тура әдіс 2) жанама әдіс
- Тура әдіс – биопсиялық материал (сүйек кемігінің жасушалары, эмбриондар, ісіктер, гонадтар) алынғаннан кейін бірден тексеріледі.
- Жанама әдіс - материал (қандағы лейкоциттер) қоректік ортада алдын-ала өсірілгеннен кейін зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |