Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің қалыптасуының негізгі кезеңдері



бет6/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің қалыптасуының негізгі кезеңдері. Басқа да биологиялық ғылымдар іспетті физиология ертеден дамыған. Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмнің құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы көптегеп мәліметтер жинаған. Жаңа дәуірге дейінгі IV ғ-да өмір сүрген Гиппократ пен Арис-тотельдің (ж. д. д. 384-322 жж.) еңбектерінде адам организмінің негізін, оның көптеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекеттері байқалады. Алайда, ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар біраз сауалдарға, қазіргі тұрғыдан алғанда дұрыс жауап таба алмаған. Өйткені, физиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді тәжірибелер арқылы бақылау болмады. Дегенмен, Аристотель мен Гиппократтың кейбір функциялар туралы ұғымдары дұрыс бағытталған. Бұл ғұламалардың беделінің күштілігіне байланысты, жүздеген жылдар бойы олардың ілімдері өзгертусіз сақталған. Тәжірибелік физиологияның калыптасуы римдік дәрігер Клавдий Гален (129-201) тұңғыш рет қолданған вивисекциялық (тірідей тілу) тәсілдеріне басталады. Оның жасаған тәжірибелері бірнеше ғасырларға созылған қағидалардың негізін құрады.
Организмнің тіршілік іс-әрекетін бақылау және тәжірибелер арқылы ұғынатын ғылым ретінде физиология XVI-XVIII ғғ. арасында қалыптасты.
Физиологияның дамуының екінші кезеңін 1628 жылдап бастап санайды. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер Уильям Гарвей (1596—1650) өзінің «Жүрек пен қан қозғалысынын, анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еңбегін басып шығарды. Осы еңбекте тірі организмдерге жасалған тәжірибелердің, нәтижесінде қан айналымы туралы бұршығы бірсыпыра теріс ұғымдарды әшкереледі.
XVIII ғ. аяғында итальян физигі Луиджи Гальвани тканьдердегі электр құбылысын ашты. Оның тәжірибелері кейін физиологияның үрдіс дамыған электрофизиология саласының іргесін қалады.
Атақты физиологтар И. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1894-1936) ерекше орын алады. И. П. Павловқа 1935 ж. Халықаралық XV физиологиялық конгресс «дүние жүзілік физиологтардың атасы» деген кұрметті атақ берді. И. П. Павлов көптеген шәкірттер даярлады. Олар кейін физиологиялық жаңа ғылыми бағыттарын жасап, маңызды жаңалықтар ашты.
Адам ағзасы – миллиардтаған жасушалардан құралған, өздігінен реттеліп, жаңарып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет