Қаланың түйінді мәселелері — депутаттар назарында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет2/5
Дата28.01.2018
өлшемі4,58 Mb.
#34452
1   2   3   4   5
Ақтөбе қаласының мәслихаты өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүргізеді.

2012 жылғы сайлауда Ақтөбе қалалық мәслихатына 23 депутат сайланды. Депутаттық корпустың құрамында кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілері бар.

2015 жылдың қорытындысын шығара отырып, біз Ақтөбе қаласы депутаттық корпусының басты назарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары мен стратегиялық сипатқа ие басқа да бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыруға байланысты мәселелер болды деп жауапкершілікпен айта аламыз.

Сессия жергілікті өкілетті органдар қызметінің негізгі формасы ретінде біздің жұмысымызда басты орын алады.



Қала мәслихаты сессияларында Ақтөбе қаласы аумағын дамыту, қаланың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, тиісті кезеңдерге бюджеттер бекітіледі. Бюджет қаржысының жұмсалуына бақылау жасау ретінде тексеру комиссиясының есептері тыңдалады және қаржылық бақылау ұсынған актілер қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет