83
негіздерін, нышандарын жетілдіруге кеңес береді. Оны ғалымның
мынадай айтқан сөзінен аңғарамыз: «Осының бәрінің бір адамның
бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай
қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан егер біз өмір
сүретін ортадан немесе отбасынан осындай адам табыла қалса және
өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алтауы неме-
се бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан
теңдесі болмағандықтан, ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ»
– деп осындай қасиетпен туылған адамның өзінің аса қабілетті әрі
дарынды тұлға болатындығын сипаттайды.
Осы айтылған мәселелерге салыстырмалы талдау жасай келіп,
баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруде Жүсіп Баласағұнның
көзқарасы да әл-Фараби идеяларанынан туындаған деп тұжырым
жасауға болады. Өйткені ақын Ж. Баласағұн да жеке тұлға тәрбиесін
мемлекетті басқаруға лайықты азаматтық қасиеттермен байла-
нысты қарастырады. Онда ғұлама адамдықты сипаттайтын төрт
қасиет: әділдік, ақыл, дәулет, қанағатты бөліп көрсетіп, олардың
қоғамдық-әлеуметтік мәніне сипаттама берген.
Достарыңызбен бөлісу: