Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет62/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

«Жел, жел өсер, жел өсер, жекендейтін саусылдап, Ораздының 
ұлы өсер, өрісінде малы өсер, ағайыны тел өсер, бақыт қонса ба-
сына, жақсылармен тең өсер. Баласы өсіп жетпесе, сөзі көпке 
жетпесе, жал-құйрықсыз жалғыздар, олай-бұлай боп кетсе, әкесі 
сорлы қор болар».
Мұндай пайымдаулары арқылы ақын жалғызы бардың шығар-
шықпас жаны бар екендігін, сонымен тұрмай көптің алдында сөзі 
де өтімсіз, әлсіз болатынын айтады. Өйткені қазақ көп ағайыннан 
өніп-өскен отбасын қашанда өнеге еткен. Сондықтан жалғыздық 
тек құдайға ғана жарасқан деп, адам баласының көптігін мақұл 
көрген. Көптің бір-біріне қолқабыс етер сүйеніші мен жұбанышын 


171
былай қойғанда сөзін сөйлетер қолдаушылары әділ шешен болса да 
жалғызға дес бермейтінін меңзейді.
Отбасының маңызды негізі ерлі-зайыптылардың ата-аналық ма-
хаббаты мен мейірімі және балаларының өз тарапынан ересектерге 
деген құрметі, жанашырлық сезімі болып табылады. Жоғарыда ата-
лып өткендей, отбасының негізгі қызметі – өмірге ұрпақ әкеліп, оны 
тәрбиелеп, қатарға қосу. Мұндай қызметті отбасынан басқа бір де 
бір ұжым атқармайды. Сондықтан да отбасы ұжымының қызметі ба-
рынша көп кырлы әрі көп салалы, саны жағынан да көп. Оны орын-
дау қоғамнан тыс болуы мүмкін емес. Сондықтан баланы дұрыс 
тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. 
Осы тұста елбасы Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі 
бүгіннен басталады» деген баяндамасында: «Отбасының беріктігі, 
жұбайлардың бір-бірінің, ең бастысы балаларының алдындағы 
жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты. Ата-аналар балаларына, 
ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс», – деген 
болатын.
Әрбір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершіліктік-рухани 
деңгей қалыптасқан. Осы деңгей қаншалықты жоғары бол-
са, отбасындағы адамдардың мәдени қажетін қанағаттандыру, 
кызығушылығы мен қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік бар. 
Онда бала тәрбиесі дұрыс жалғасын тауып, адамгершіліктің және 
көңіл күйлік-эстетикалық байлықпен өмір сүреді. Отбасының 
рухани байлығына алдымен идеялық-адамгершіліктік бастауы, 
ұжымдық қарым-қатынасы, психологиялық ахуалы, үйішілік және 
айналадағылармен қарым-қатынасы, көпшілік ақпарат құралдарын 
пайдалануы, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыруы және тәрбиелік 
өрісі жатады.
Адамның азаматтық бастамасы отбасында мектеп жасына дейінгі 
және төменгі сыныпта оқып жүрген күннің өзінде-ақ калыптасады. 
Балалар саяси оқиғаларға өте ерте кезден араласады. Олар ересек-
термен бірге өмір сүре жүріп, саяси өмірде де бірге болады. Идея-
лар мен күрестерді, әділдікті өздерінше қабылдап, ой түйіндейді. 
Әсіресе, жасөспірімдік кезде балаларда азаматтық сезім белсенді 
түрде қалыптасады.
Отбасының идеялық-адамгершілік саулығы ондағы мүшелердің 
мінез-құлқы мен өмір сүру дәстүріне бірінші кезекте байланысты 
болады. Сонымен қатар, қоғам мен айналадағы адамгершілік ахуал 
да отбасына әсер етеді.


172
Азаматтық және адамгершіліктік қарым-қатынастың бірлігі мен 
тұрақтылығы отбасындағы әрбір адамға, әсіресе, ондағы балаларға 
әсер етеді. Мұндай көріністің негізгі құралы үйішілік және ерлі-
зайыптылар арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Балалар 
ата-аналарының еңбексүйгіштігін, қоғам өміріне белсене араласу-
ын, сондай-ақ, үйішілік қарым-қатынастағы достық пен көпшілдік, 
мейірімділік пен өзара қамқорлықты өте жоғары бағалайды. 
Отбасындағы ата-аналар мен балалардың рухани жақындығы – бұл 
ересектердің өз бойындағы асыл байлықтарын балаларына беруі, ор-
нына ешнәрсе талап етпеуі деген сөз. Үй ішіндегі мейірімділік қарым-
қатынас баланы жан-жақты қалыптастырады. Қарым-қатынастық 
қызметпен көбіне отбасындағы психологиялық ахуалдың пайда бо-
луы байланысты болады. Мұнымен келіспеуге болмайды.
Әрбір отбасындағы тұрақты сезім күйлерін психологиялық 
ахуал немесе психологиялық жағдай деп атау қабылданған. Ол 
отбасындағы адамдардың көңіл күйлерінің жиынтығынан, олардың 
көңіл толқулары мен алаңдауынан, бір-біріне және жұмысқа де-
ген қатысынан пайда болады. Басқаша айтқанда, психологиялық 
ахуал – отбасындағы мүмкіндік немесе қайшылық туғызатын 
психологиялық жағдайлардың жиынтығы. Демек, ол отбасының 
идеялық-адамгершіліктік құндылықтарынан бөлінбейтін отба-
сы мүшелерінің өзара қарым-қатынасының көрсеткіші деуге бо-
лады. Сондықтан оны моральдық-психологиялық ахуал деп те 
атайды. Психологиялық ахуалды отбасындағы мүшелердің өздері 
қалыптастырады.
Отбасындағы психологиялық ахуалды ғалымдар қолайлы және 
қолайсыз деп екіге бөледі.
Отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалдың негізі – ондағы 
ерлі-зайыптылардың ынтымақтастығы, ең алдымен ері мен 
әйелінің идеялық-адамгершіліктік көзқарасының бірдей болуынан 
қалыптасады. Отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалға мына-
дай белгілер тән: бірлік, ондағы әрбір адамның жеке басының жан-
жақты дамуына мүмкіндіктердің болуы, отбасындағы мүшелердің бір-
біріне деген жоғары тілектестікпен талап қоюшылығы, тәртіптілік, 
жауапкершілік. Қолайлы психологиялық ахуалды отбасындағы 
адамдар қашанда бір-біріне үлкен сыйластықпен қарым-қатынас 
жасап, сенім білдіреді, ересектер кішілерге көмектесуге үнемі 
дайын, кішілер ата-аналарына сый-құрмет көрсетеді. Мұндағы 
өмірдің заңы бір-бірін түсінуге, көмектесуге деген ықыласы мен 


173
іскерлігімен анықталады. Әркім өз ойын еркін айта алады және оған 
қалғандары құрметпен қарап, қабыл алады. Сонымен қатар, мұнда 
өзін-өзі сынау, яғни өз ісіне баға беру, жанындағы мүшелердің теріс 
әрекеттерін сынауда көзқарастары сәйкес келмей қалған жағдайда 
өзара шыдамдылық пен сабырлылық сақтау жақсы қалыптасқан. 
Мұндай отбасы тұрмыс қиыншылығына оңай төтеп беріп, оны жеңіп 
шығуға қабілетті болады.
Отбасының қолайлы психологиялық ахуалының маңызды 
көрсеткіші – ондағы мүшелердің бір-бірінен ешнәрсе жасыр-
майтындығы. Туысқандарымен, көршілермен және жолдастарымен 
үнемі мейірімді қарым-қатынаста болуы.
Соңғы кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет