Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет72/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2. Психикалық ауытқу
баланың ақыл-ойы дамуымен, психика-
лық жетіспеушілігімен байланысты айқындалады. Оған адамның 
сөзі, эмоциялық-еріктік күші, сондай-ақ сөйлеудегі кемшіліктер, 
тұтығу, оқу мен білім мазмұнын баяндаудағы кемшіліктер жатады. 
Баланың ақыл-ойы жағынан дамымай қалуы жүйке жүйесінің тума 
дефектісі немесе аурудың салдарынан болуы мүмкін. 
Психикалық ауытқуға сөйлеу мүшесінде әртүрлі қиындық дең-
гейдегі кемістігі бар балалар жатады. Олар сөзді айтуы мен дыбыста-
уында күрделі қиындық сезінетін және тұтығатын балалар. Сонымен 
қатар, эмоционалдық-еріктік сферасында ауытқуы бар балаларды да 
осы топқа жатқызамыз. Бұл ауытқудың ең ауыр түрі, қоғамды керек 
етпейтін, суицидтік әрекетке бару қаупін тудыратын психикалық күй 
– аутизм (гректің – «өзі, өзім») ретінде көрінеді. 
Психикалық ауытқудың ерекше тобы болып табылатын тағы бір 
қыры - балалардың дарындылығы. Бұл қандай да бір тапсырманы орын-
дауда табысты нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін қабілеттіліктердің 
тамаша үйлесімділігі. Қабілеттіліктер – іс-әрекеттердің бірқатар 
жиынтығын меңгеру шараларында көрінетін тұлғаның сипаты. 
Дарындылық пен таланттың мөлшері қабілеттіліктердің сипаты-
мен емес, іс-әрекеттің өзгеге ұқсамайтындығымен, жаңалығының 
ерекшелігімен, даралығымен және басқа да көрсеткіштерімен 
айқындалатын іс-әрекет нәтижесінің жемістілігімен сипатталады. 
Балаларда әртүрлі қабілеттіліктер байқалуы мүмкін. Олардың 
бірі музыкаға, екіншісі математикаға, кейбірі шетел тілдерін 


197
үйренуге және т.б. қабілетті болып келеді. Олар тек сыртқы қолайлы 
жағдайлардың ықпалынан ғана дарындылықтың формаларын бой-
ларына сіңіре алады. 
Қазіргі уақыттарда балалардың дарындылығы мен қабілет 
ерекшеліктерін айқындаудың және дамытудың көптеген әдістері 
жасалған. Бала дарындылығын ашу мен дамытуға арналған Респуб-
лика бойынша қаншама мектептер мен арнайы мекемелер жұмыс 
істейді. Әйтсе де, мектеп жасындағы баланың дарындылығын қалай 
айқындауға және байқауға болады деген сұрақ төңірегінде үнемі 
жұмыстар жүргізіледі. 
Балалардағы психикалық ауытқуларды айқындауда бүгінгі 
күні жүйелі жұмыс жүргізетін психологиялық-медициналық-
педагогикалық комиссия құрылады. Бұл комиссия жұмысының 
құрылымына ата-аналарға, педагогикалық, медицина қызмет-
керлеріне, әлеуметтік педагогтар мен балалардың білім алуы 
саласындағы басқа мамандарға кеңес беру кіреді. Комиссия алған 
мәліметтер Республика бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар ту-
ралы ақпараттар базасына ендіріледі. Мұндай психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссияның құрамына әртүрлі 
профильдегі мамандар енеді. Олар: психолог, дәрігер-психиатр, 
невропатолог, ортопед, окулист, терапевт-педиатр, физиотерапевт. 
Сонымен қатар, арнайы білім мамандары енуі тиіс. Олар лого-
пед, олигрофрено-педагог (ақыл-ойында кемістігі бар балалармен 
жұмыс істейтін маман), сурдопедагог (естімейтін балалармен жұмыс 
істейтін маман), тифлопедагог (көзі көрмейтін балалармен жұмыс 
істейтін маман), сонымен қатар әлеуметтік педагог және заңгер бо-
луы тиіс.
Дене және психикасында ауытқу бар балалардың айқындалуы 
міндетті түрде олардың білім алуы және тәрбиеленуіне мүмкіндік 
жасайтын арнайы білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуын 
қажет етеді. Олар: сөйлеу, көру мүшесінде, психикасында, тірек-
қимыл аппаратында күрделі кемшілігі бар: көрмейтін әрі естімейтін, 
басқа да күрделі ауытқулары бар балаларға арналған мекемелер.
Әйтсе де, мұндай балаларды өздеріне ұқсамайтын басқа балалар-
дан өзгеше ұйымдастырылған арнайы білім мекемелерінде оқшаулап 
тәрбиелеу оларды әлеуметтендіру мен қоғамға интеграциялауда 
өзіндік қиындықтар туғызуда. Сондықтан мұндай балалар әрқашан 
әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж болып келеді.
3. 
Педагогикалық ауытқу
– бұл ұғым немесе түсінік әлеуметтік 


198
педагогика мен педагогика ғылымында өте аз қолданылады. Бұл ең 
алдымен педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда білім алушының 
әрекетінде қалыптасқан нормалар мен көрсеткіштерді салыстыру 
арқылы реттеп отыратын ынталандырудың тұлға дамуына әсерімен 
іске асырылады. 
Педагогикалық ауытқу көп жағдайда баланың білім алу неме-
се алмауының нормалары немесе талаптарының айқындығымен 
сипатталады. Қазіргі уақытта жалпы білім алмаған, тек бастауыш 
білім алып қоя салған балалар да кездеседі. Олар оқуға, білім алуға 
құлықсыз. Мектепке барғанның өзінде сабақты жиі қалдыратындар, 
мектепке кеттім деп кеткенімен, басқа жақта жүретіндер баршылық.
Кейбір денсаулығына байланысты мектепке келе алмайтын бала-
лар үшін сабақ беру үйде жүргізіледі. Онда да болса негізгі пәндер 
ғана оқытылып, музыка, бейнелеу өнері және т.б. пәндер үйде 
оқытылмайды. Баланың мектеп ұжымынан бөлектеніп қалуы мен 
қарым-қатынастағы оқшаулану баланың әлеуметтенуінде өзіндік 
кенжелеп қалу нәтижесін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай ба-
лалар болашақта мамандық таңдауында, өмірлік ұстанымдарын 
айқындауы мен қоғамға еніп кетуінде қиындық сезінеді. Мұндай 
жағдайда кәсіби бағдар және кәсіби білім алмаған балалар маманның 
әлеуметтік-педагогикалық көмегіне мұқтаж келеді.
Әлеуметтік ауытқу
– ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен бай-
ланысты. Әлеуметтік қалып - қоғам дамуының өзіндік кезеңінде 
қалыптасқан және арнайы қабылданған әлеуметтік топтың немесе 
адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің үлгі ережесі. Шын мәнінде 
әлеуметтік қалып қажет етілген мінез-құлықтың моделі ретінде 
қабылданады. Әлеуметтік ауытқу адамның мінез-құлқы мен жүріс-
тұрысындағы әрекеттерінің қоғамдық талаптарға сәкес келмеуінен 
немесе көзқарастарындағы қайшылықтарынан байқалады. 
Әлеуметтік қалыптың өзін ғалым М. А. Галагузова үлкен екі 
топқа бөледі. Олар: қоғамдағы әрбір адамға таралатын универсалды
әлеуметтік қалып, сонымен қатар, адамдардың өмір әрекеттерінің 
ерекшеліктері мен мамандық қызметтерінің ерекшеліктеріне бай-
ланысты айқындалатын дербес қалып (мысалы, дәрігерлер, педа-
гогтар, т.б.). Әлеуметтік қалып қоғамдық өмірдің тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін және нормативті реттеу жүйесінің элементі бо-
лып табылады (мораль, дәстүр, құқық). Әлеуметтік қалыпты басқа 
да белгілеріне қарай құқықтық, моральдық, саяси, діни және т.б. деп
топтастыруға болады. 


199
Әлеуметтік қалып пен адам мінез-құлқының одан ауытқуы 
кез келген қоғамның дамуындағы бөліп алғысыз фактор ретінде 
көрінеді. Балалар үшін әлеуметтік қалыптың ерекшеліктеріне 
олардың әлеуметтік тәжірибелер мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру 
барысындағы әлеуметтік құндылықтарға мойынсынуы және 
қалыпты дәстүрлерді меңгеруі мен тәрбиесі негіз болады. 
Бұл жағдайда тәрбиенің ең маңызды функциясы – баланың 
мінез-құлқы мен санасына ықпал ететін, сонымен қатар қажетті 
тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін оны басқару қызметінен 
тұратын болады. 
Әлеуметтік дамуында ауытқуы бар балаларға ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларды жатқызуға болады. Бұл бала-
лар жетімдік немесе әлеуметтік жетімдік көргендіктен, мұндай 
құбылыстар олардың бойында қоғамдық ортаға сенімсіздікпен 
қарау, қорқыныш, жалғыздық сезімінің пайда болуына және т.б. 
сезімдердің қалыптасуына негіз болады және әлеуметтік ауытқудың 
алғышартын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет