спортпен шұғылдану және дене күтімі
Спорт қазіргі таңда жұмыстан шаршауды, жабы-
ғуды ұмыттыратын машықтардың бірі болып табы-
лады. Спорт арқылы адам денсаулыққа зиянды жаман
әдеттерден тыйылып қана қоймай, рух пен тән сау-
лығы үшін де орасан пайдасын көрері анық.
Ислам діні ақшаны босқа шашып-төгу, адамның
басқа да жауапты істеріне кері әсерін тигізу,
басқалардың құқықтарын бұзу секілді теріс мақсатқа
қолданылмаған жағдайда спортты діни тұрғыдан
мүбаһ санап, тіптен осыған ынталандырған. Ардақты
пайғамбарымыздың (с.а.с.) тікелей ынталандырған
спорт түрлері: жүгіру, күрес, мергендік, мініс жануар-
ларымен (ат, түйе) жарысу және жүзу болған
67
. Мұндай
спорт түрлері көңіл көтерумен қатар дене тәрбиесі
және дене күтімі тұрғысынан өте пайдалы әрекет
болып есептеліп, пайғамбарымыздың дәуірінен қазірге
дейін мұсылман елдерінде кеңінен таралып отыр. Айта
67
Әбу Дәууд, жиһад 68; Бухари, жиһад 78
107
Тән тазалығы
кетерлік тағы бір жайт, мұсылман қоғамында осы
спорт түрлерін әкесінің баласына үйретуі әкелік міндет
ретінде бағаланған.
Қорыта айтқанда, көңіл көтеру және дене тәрбиесі
ретінде бағаланатын спорт түрлерінің, Исламдағы
негізгі қағидалар мен әдептілікке қайшы келмеуіне
назар аударған жөн. Сонымен қатар, спорттың, ел мен
жердің танытылуында және еларалық татулық пен
бейбітшіліктің орнығуында да пайдасы мол екендігін
ескере жүру артық емес.
108
109
Достарыңызбен бөлісу: |