1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
1.1.3.1 - тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
жануардың аты мен қалай дыбыстайтынын берілген сөздерден тауып тіркестіреді. Мысалы, Жылқы. Жылқы кісінейді. Сиыр. Сиыр мөңірейді.Қой, ешкі маңырайды. Түйе. Түйе боздайды.
Жылқы – құлыншақ. Түйе – ботақан. Қой- қошақан. Бұзау - ботақан.
2. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, олардың әрқайсысына белгілі бір жануардың суреті бар кеспе қағаз береді және өздерін сол кейіпкерлер ретінде таныстыруларын сұрайды. Жануардың қалай дыбыстайтынын көрстуін сұрайды. Мысалы,
Менің атым - Құлыншақ. Менің атым – Ботақан. Менің атым – Қошақан.
(Ұ) Сынып болып оқушылар ферманың тіршілігін көрсететін үлкен постерге фриз жасайды. Мұғалім әрбір оқушыға сұрақ қоя отырып, оның сұлбасын сызады. Мысалы:
Фермада қандай үйлер болуы мүмкін?
Онда кімдер жұмыс істейді?
Бұл жерде ағаштар бар ма?
Қандай үй жануарлары бар?
(Өз ойларын айту үшін суретті карточкалар мен кітаптарды қолдану)
Оқушылар ферманың тіршілігін көрсету
Плакат және түрлі материалдардан (қағаз, мақта жіп, желім, бояу, жүн ) фриз (әртүрлі заттардан қатырып жасалған бұйымдар) даярлау керек.
Оқушыларға қосымша тапсырмалар: Фермаға қатысты ертегі, тақпақ, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.
Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары керек.
Бұл бөлімді меңгеруге көмектесетін ыңғайлы жағдай жасаңыз:
фермердің, мал дәрігерінің, хайуанаттар дүкені сатушысының т.б. киімдерімен рөлдік ойындарды ойнайтын орындарды дайындау керек. Оның ішінде сабаққа қажетті жазба жұмыстарына арналған құралдары бар орын да болуы тиіс (қалам, қарындаш, қағаз);
ферма, құстар, жануарлар, «Менің туған қалам», «Туған ауылым» тақырыбына байланысты кітаптар/тыңдалым және көру мәтіндері бар арнайы оқу бұрышын дайындау;
GmgfYuh
«Балдырғанд ар ауылда» http://www.y outube.com/ watch?v=FS_ alOT9trY
«Үш қой»
http://www.y outube.com/ watch?v=dP OF_iogQ3U