ақпаратты алу
|
қажетті ақпаратты табу
|
(МК) Қазақстанның кең байтақ даласы, мысалы, таудың баурайында жайылып жүрген аттар бейнеленген суреттің көмегімен өлең жазып көрсетіңіз. Оқушылардан суреттегі бес заттың атауын сұраңыз, мысалы, аттар, таулар, шөп, аспан т.б. Осы зат есімдерді флипчартқа жазыңыз.
Оқушыларға зат есімдерді сипаттайтын сын есімдерге мысал келтіруді тапсырыңыз. Мысалы:
ақбоз ат
асқар тау
көк шөп
самал жел
керемет шабандоздар
Сосын оқушыларға осы сөз тіркестерінің қасына етістіктерді жазғызыңыз мысалы:
ақбоз ат шабады;
асқар таулар көрінеді;
көк шөп жайқалады;
самал жел соғады;
шабандоздар жарысады.
Соңында құрастырылған сөйлемді/өлеңді ұжым болып оқиды.
(Ж) Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлем/өлең құрастырады және жанындағы құрбысына айтып береді.
|
Қазақстанның көрнекті жерлерін бейнелейтін суреттер іліп, фондық музыка қойыңыз.
Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан туралы фильмнен үзінділер көрсетуге немесе өздеріне сурет салғызып, сол бойынша сөйлем/өлең жазғызуға болады.
Келесі мысал: (көк аспан мен заңғар таулар фонында тасқа қонып отырған бүркіттің суреті)
Кәрі қыран қарап отыр, Көк аспанға көзін тігіп....
|
«Қазақ елі» сериалы kaztubekz Атамекен Қазақстан kaztubekz
«Открывая Казахстан» бейнеклиптер.
Қосымша ағылшын тілінде ақпарат: http://lingoberry jam.com/2012/0 1/15/simple- poem/. A similar example of Kazakh poetry should be used. Kazakh folk
melody with
pictures of Kazakhstan(5 mins 32 secs) http://www.yout ube.com/watch? NR=1&v=IwHl
|