Қазақ тілі пәні 3-тоқсан БЖБ №5 3 сынып
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық
және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып
бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5 тірек сөзді түртіп ал.
Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Олар хаттарды мәтіні ішкі жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын. Хатты қайда және кімге апаратынын жазатын орын болмағандықтан, оны басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен бірге жіппен байлап қоятын.
Мұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы саудагері Бревер хат салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды. «Конверт» сөзі «орап қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп кешікпей конверт хаттан бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды.
Тірек сөздер: _______________________________________________________________________
• Сұрақтарға жауап бер.
1) «Конверт» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
____________________________________________________________________________________
2) Алғашқы конверт қашан және қай елде пайда болды?
____________________________________________________________________________________
3) Адамдардың конвертті ойлап табуына не әсер етті деп ойлайсың?
____________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, сурет бойынша «Өнерлі отбасы» тақырыбына әңгіме құра.
Достарыңызбен бөлісу: |