78
Симуляторларды көрнекі материал ретінде пайдалану барысында
динамикалық үдерістерді (мысалы, атомдар, молекулалар, электрондар,
фотондар) баяулатуға жылдамдатуға немесе көріністер арасында үзіліс жасауға
болады. Сондықтан да симуляторлар теориялар мен заңдарды оқытуда,
статикалық суреттер немесе жанды көрнекіліктерге қарағанда, үлкен
мүмкіндіктерге ие және көзбен шолып байқап, ойлану дағдысын дамытуға
қосымша құрал болып саналады.
Виртуалды жаттықтырғыштарды оқу материалын өзіндік пысықтау
құралы ретінде пайдалану барысында білім алушылар айнымалыларды еркін
өзгертіп, тәжірибелер мен сынақтар өткізіп, нәтижелерін белгілеп отыруға
мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: