Білімді бағалауға арналған материалдар (сұрақ, тестілер) үлгілері. Өзбетімен даярлануға арналған сұрақтар мен тестілер:
1. Сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін қарастыратын ғылым?
а) морфология в) синтаксис с) лексикология д) грамматика
2.Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы?
а) грамматикалық мағына в) лексикалық мағына с) ауыспалы мағына д) ішкі мағына.
3. Мыналардың қайсысы грамматикалық тәсілге жатпайды?
а) сөздердің қыстырма сөзбен айтылуы с) сөздердің қосарлану тәсілі
в) сөздерге қосымшалар қосылу тәсілі д) сөздердің бірігу тәсілі.
4. Синтетика деген грек сөзінің түп мағынасы?
А) құрау, бірігу в) жасау, құрастыру с)өзгерту, ауыстыру д) бөлу, айыру.
5. Аналитикалық сөзінің мағынасы?
а) талданған в) бөлшектенген с) құрастырылған д) өзгертілген.
6.Жалпы грамматикалық категориялар ішінара қандай категорияларға бөлінеді?
а) морфологиялық, синтаксистік в) синтаксистік, грамматикалық
с) морфологиялық, лексикалық д) грамматикалық, лексикалық
7. Жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грамматикалық мағына
а) морфологиялық категория в) синтаксистік катнгория
с) грамматикалық категория д) лексикалық категория
8. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына?
а) грамматикалық категория в) синтаксистік категория
с) лексикалық категория д) морфологиялық категория
9. Морфологияның негізгі міндеті
а) сөздің грамматикалық құрылысын тексеру в) сөз мағыналарын зерттеу
с) тіл дыбыстарын зерттеу д) сөйлем мүшелерін зерттеу
10 . Сөздің өзіне тән мағынасы бар, ең ұсақ бөлшегі?
а) морфема в) түбір с) жұрнақ д) жалғау
11. Морфема неше салаға бөлінеді?
а) 2 в) 3 с) 4 д) 5
12.Мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтарды неше салаға бөлеміз?
а) 2 в) 3 с) 4 д) 5
13. Қазақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан тұрады. Қандай салалар?
а) морфологиялық, синтаксистік в) синтаксистік, грамматикалық
с) грамматикалық, морфология д) синтаксистік, лексикалық
14. Морфологиялық тәсіл дегеніміз ?
а) түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу ар қылы жаңа сөз тудыру тәсілі
в) түбір сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы сөз, тудыру тәсілі
с) түбір сөздердің қайталануы арқылы сөз тудыру тәсәлә
д) түбірлердің өз ішінен өзгеріске түсу арқылы сөз тудыру тәсілі
15. Заттану, зат есімге айналу дегеніміз
а) субстантивтену в) адъективтену с) прономиналдану д) адвербиалдану
16. Вербалдану құбылысы :
а) етістікке айналу в) сын есімге айналу с) есімдікке айналу д) үстеуге айналу
17. Мыналардың қайсысы грамматикалық жолмен сөз тудыру тәсіліне жатпайды?
а) аналитикалық тәсіл с) синтаксистік тәсіл
в) морфологиялық тәсіл д) морфологиялық-синтаксистік тәсіл
18. Төмендегілердің қайсысы күрделі сөзге жатпайды?
а) туынды сөз в) біріккен сөз с) қос сөз д) қысқарған сөз
19. Мына сөздердің қайсысы түбірлес сөздерге жатпайды?
а) көр, көрме, көзе в) біл, білгір, білін
с) айт, айтқыш, айтыс д) сөз, сөзшең, сөздік
20. Морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды қалай атайды?
а) түбір в) сөз с) сөз тіркесі д) морфема
21. Түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер?
а) туынды сөздер в) біріккен сөздер
с) кіріккен сөздер д) күрделі сөздер
22. Бір алуан сөздерге жаппай жалғаныла беретін жұрнақтар?
а) тірі жұрнақтар в) өлі жұрнақтар
с) көне жұрнақтар д) сөз тудырушы жұрнақтар
23. Күрделі сөзге тән емес?
а) сөз тудыру в) тіркесу с) қайталану д) қосарлану
24.Қос сөздерді екі түрге бөлген ғалым?
а/ Ысқақов; в/ Маманов; с/ Сарыбаев; д/ Сауранбаев.
25. Компоненттері мағыналы қосарлама сөздер түріне жатпайды?
а) сыңарлары қайталанған қосарланған сөздер
в) қайшы мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер
с) мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер
д) ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер
26. Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздерді тап:
а) абыр-сабыр, елең-алаң, ескі-құсқы.
в) шек-қарын, қат-қабат, сауық-сайран
с) сән-салтанат, жата-жастана, шәк-шүбә
д) аяқ-қол, арба-шана, ат-жөн
27. Ысқақов қос сөздерді қандай топтарға бөледі?
а) қайталама, қосарлама в) біріккен, кіріккен с) қысқарған, қосарлама д)құрама, қайталама
28. Кемінде екі сөздің тіркесінен жасалып, күрделі ойды білдіретін сөздер тобы.
а) күрделі сөздер в) қос сөздер с) біріккен сөздер д) түбір сөздер
29. Күрделі атау сөздер неше түрлі жолмен қысқарады?
а) 4 в) 2 с) 5 д) 3
30. Ықшамдау процесін түркологияға тұңғыш рет енгізген ғалым?
а) В.А. Богородицкий в) Н.Ф. Катанов с) М.Қашғари д) Г.И.Раметедт
31. Сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай неше үлкен топқа бөлінеді?
а) 3 в) 4 с) 2 д) 5
32.Сөйлем мүшесі болмайтын одағай сөздің мағынасы?
Жүрегім, ойбай, соқпа енді.
Бүгінгі дос- ертең жау, мен не қылдым, япырау!
а/ қапалану в/ тамсану
с/ өкіну д/ қуану
33.Одағай сөз сөйлемінің басында келсе....
а/Алдынан сызықша немесе тырнақша қойылып, одан кейін үтір қойылады.
в/Одан кейін үтір қойылады.
с/екі жағынан үтір қойылады.
д/Алдынан сызықша немесе тырнақша қойылып, одан кейін нүкте қойылады.
34.Адамның әр алуан көңіл-күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданатын сөздер?
а/ одағай сөздер; в/ атаушы сөздер; с/ көмекші сөздер; д/ қос сөздер;
35. Көңіл –күй одағайын табыңыз
а/ Уа, шіркін, ән деп осыны айт.
в/ Көп, тегі, сол кісінің атымен аталған ғой.
с/ Тәйт, әке тұрып ұл сөйлемес болар.
д/ Құрау- құрау,-деді шопан астауға су құя бере.
36.Туынды еліктеу сөзді табыңыз
а/ жылтың в/ қыңқ с/ тарс д/ сылаң
37.Еліктеуіш сөз қатысқан сөйлемді табыңыз
а/сол бір жабыр-жұбыр үн есіне түскенде әлі күнге миы зеңгіп қоя береді.
в/ Сыртқы жылтырауық, қалтырауық жалған сұлулық көңілді арбап тұрды
с/Туған жерді сүюге келгенде ақын шіркін алдына жан сала ма?
д/ Арналы ауылынан қазақтың жері тұйықталады.
38.Жылтырағанныңбәрі сұлу емес, ең басты сұлулық-жан сұлулығы.
Асты сызылған сөз қай сөз табынан жасалған
а/ еліктеуіш сөз в/ етістік с/ зат есім д/ үстеу
39.Туынды зат есімді тап:
а/ киім, тарақ; в/ баста, ақта; с/ бас, көз; д/ отыр, тұр; жүр
40.Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз?
а/ жүктер в/ кептер с/ дәптер д/ сүттер