102
Бұл әдіспен перкуссиялық күшті дыбыс алуға болады. Бұл әдістердің ішіндегі көп
тарағаны саусаққа саусақпен перкуссиялау тәсілі. Перкуссия жасағанда плессиметр саусақ
қабырға аралықтың ұзын бойына тығыз орналасады.
Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге, аурудың денесіне тиіп тұрмауы керек.
Плессиметр саусақтың ортаңғы немесе шеткі фалангасына 2–3 рет тұрақты күшпен,
ырғакпен перпендикулярлы түрде ұру керек. Перкуссия жасағанда оң қолдың білегі
қозғалмауы керек. Қимыл негізінен қол басы буынында, аздап саусақ буындарында
болады. Соққы қысқа, біркелкі, мүмкіндігінше жәй болуы керек. Себебі, баланың кеуде
қуысының кішкентай болуына байланысты, тықылдатқандағы қозғалыс басқа бөлімдерге
тез тарайды да, қатты соққанда белгілі бір жерден тұйық дыбыс өкпеге жақын орналасқан
басқа көрші мүшелердің анық дыбысымен басылып, естілмей қалуы мүмкін.
Қойылған мақсатқа байланысты перкуссия топографиялық немесе салыстырылмалық
(сапалық) перкуссия болып екіге бөлінеді.
Топографиялық перкуссияның мақсаты негізінен мүшенің шегін, мөлшерін анықтау
болып келеді.
Салыстырмалы перкуссия мүшелердегі (өкпедегі) патологиялық өзгерістерді
анықтауға бағышталған.
Бұл әдіс өкпенің әртүрлі бөліктеріндегі перкуссиялық дыбыстың сапасының өзгеруін
анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, салыстырмалы перкуссия жасаған жерде оң және
сол жақта симметриялығы қатал сақталуы, перкуссиялық соққының күші бірдей болуы
керек
Достарыңызбен бөлісу: