Бүкпелерді, тігістерді екінші бөлікке көшіру жұмыстары


Модельдеудің мақсаты және міндеті



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі31,15 Kb.
#81227
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бүкпелерді

Модельдеудің мақсаты және міндеті – қоғамның дамуына сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Киім кию арқылы адам өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, әдемілейді, кем-кетігін жасырып, өзін тартымды, сымбатты етіп көрсете алады. Модельдеу көпшіліктің қолынан келетін іс. Кез келген адам өзінің қиялын жүзеге асырып, әдемілік туралы түсінігін жеке шеберлігі арқылы көрсетуіне болады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауға болады. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен.
Модельдеу – жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, бұрынғы киімдерге конструкциялық және әшекейлік сызықтар енгізіп өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет