Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы


ФИЗИКАНЫ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНУҒА ҚАЖЕТТІ БІЛІМІ МЕН



Pdf көрінісі
бет72/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

ФИЗИКАНЫ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНУҒА ҚАЖЕТТІ БІЛІМІ МЕН 
ДАҒДЫЛАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ ДӘРЕЖЕДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН СТУДЕНТ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ФИЗИКАНЫ
ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ: 
а) 
физикалық факторлар(ФФ); 
б) ФФ тірі организмге ҽсері; 
в) ФФ диагностикалық жҽне емдік 
ҽсерлерінің физикалық негізі; 
г) ФФ медицинда қолдану жолдары; 
д) МТ туралы толық мҽлімет 
Пед-лық, 
псих-лық т.б. 
факторлар
ЖОО ОПҚ 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
70
Медициналық биофизика пҽнін ЖОО студенттеріне 

болашақ дҽрігерлерге кҽсіби бағытта оқыту-
да осы анықталған жайттарды ескеру қажет деп санаймыз. Бірақ бҧл анықталған жайттар ҽлі де 
толық зерттеуді талап етеді, ҿйткені біз тек 4 тҥрлі клиникалық оқулықты ғана талдадық, ал меди-
циналық ЖОО бҧлардан басқа кҿптеген оқулықтар мен оқу қҧралдары қолданылатындығы белгілі.
Енді осы зерттеулерде анықталған физикалық қҧбылыстарды жҽне соған сҽйкес диагностикалық 
мақсатта оларды қолдауды физика пҽнін оқып ҥйренуде студенттерге қалай жеткізудің педагогика-
лық технологиясын қарастырайық. Медициналық ЖОО студенттері физика пҽнін 1 курста оқып 
ҥйренеді жҽне олардың бҧл пҽн бойынша білуі тиісті физикалық білімдері мен меңгеретін іс-ҽрекет-
тері ҚР Денсаулық сақтау министрлігің білім, ғылым жҽне кадрлық ресурстары департаментінің 
18.06.2007 ж. бекіткен типтік оқу бағдарламасы негізінде анықталынады [9].
Медициналық ЖОО физика пҽні бойынша типтік бағдарламасын жҽне негізгі оқулықтар бойын-
ша дайындалған оқу жоспарларын талдай келе, студенттердің болашақта меңгеретін мамандығына 
сҽйкес физика пҽнін кҽсіби бағыттап оқытуға болатындығына кҿз жеткіздік.
Жалпы, медициналық физика пҽні биологиялық мембранадағы биопотенциалдық пайда болу 
механизмін талдаудан басталды. Студенттерге потенциал жҽне биопотенциалдың негізгі тҥрлерін, 
олардың жасушада пайда болуы механизімін толық қарастырған соң, оның медицинадағы маңызын, 
оның қаншалықты қажет екендігін жҥректің ЭКГ тіркеу арқылы кҿрсетеміз жҽне клиникада тіркел-
ген жҥрек ЭКГ есептеу арқылы пациенттің жҥрегінің кҥйін анықтаймыз. ЭКГ қҧрылымына терең 
талдау жасап, олардағы интервалдың ҧзақтығы, ЭКГ тістерің биіктігі диагностикалық мҽлімет бола-
тындығына баса назар аудару керек жҽне осы педагогикалық іс-ҽрекеттерді мынадай мысалдармен 
нақтылаған жҿн: жҥрек ревматизі кезінде ЭКГ-ның P-Q интервалы ҧзарады, бҧл жҥрек қҧлақшаның 
жиырылуының ҧзарғандығын, яғни жҥрек бҧлшық етіндегі деполяризация қҧбылысының ҧзақ уа-
қытқа созылғандығын кҿрсетеді, сонымен қатар T-тісінің биопотенциалы кемиді, яғни тістің биіктігі 
тҿмендейді, бҧл қарыншадағы биопотенциалдың кемігендігін кҿрсетеді. Осындай мысалдарға жҥрек 
перикардиті кезінде ST-сегменті кҥмбез тҽрізді, Q-тісі болмайтындығын, QRS-биопотенциалы кеми-
тіндігін де атауға болады. Осындай мҽліметтерді тіркеу ҥшін тҥрлі деңгейдегі электрокардиография-
лық қҧралдар қолданылатындығын жҽне олардың тҥрлерімен студенттерді тікелей таныстыру жҽне 
осы қҧралдар арқылы студенттердің тікелей қатысуымен пациентің ЭКГ жазу, ол арқылы пациент 
жҥрегінің физиологиялық кҥйін сипаттау сияқты іс-ҽрекеттер студенттердің ҥлкен қызығуын 
тудырады жҽне биопотенециал ҧғымының қажеттілігін тікелей сезінуге ықпал етеді. 
Тағы бір физикалық қҧбылысты қарастырайық жҽне оның медицинадағы қолдануына тоқта-
лайық. Гемодинамика, яғни қанның тамыр бойымен ағуы ерекшелігін зерттеу кезінде, қан ағысы-
ның ламинарлы жҽне турбулентті болатындығы туралы айтылады. Физикадан белгілі, турбулентті 
ағыс ҿзіне тҽн дыбыс шығарумен қатар жҥретін қҧбылыс. Бҧл қҧбылыс медицинада, оның ішінде 
диагностикада кең тҥрде қолданылады.
Аталған тақырыптарды талдауда оның диагностикада қолданылуына физикалық тҧрғыдан тҥсінік 
беру қажет, бҧл біріншіден қҧбылыстың физикалық негізін тҥсіндірсе, екіншіден бҧл қҧбылыстың не 
себепті диагностикада қолданылатындығына жауап береді.
Осындай педагогикалық ҽдістер арқылы студенттерде физикалық қҧбылыстың медицинада, оның 
ішінде диагностикада маңызды орын алатындығына, яғни осы физикалық қҧбылыстардың негізінде 
тҥрлі диагностикалық ҽдістердің орындалатындығын, кҿптеген медициналық қҧралдардың жҧмыс 
істеу принциптері осындай физикалық қҧбылыстар негізінде жҥзеге асатындыған кҿрсетеміз, осын-
дай педагогикалық іс-ҽрекеттердің арқасында студенттердің физика пҽніндегі тақырыптарды саналы 
тҥрде, терең оқып ҥйренуіне ықпал етеміз. Ҿздеріңіз байқағандай барлық диагностикалық ҽдістердің 
соңғы этапы медициналық техниканы қолдануға алып келеді.
Бҧл тақырыптардың барлығы да клиникалық пҽндермен тікелей байланысқан, яғни дҽрігерлердің 
диагностикалық жҽне терапиялық іс-ҽрекеттерінде қолданылатын, тҥрлі физикалық қҧбылыстар мен 
заңдылықтар жҽне олардың негізінде жҧмыс істейтін медициналық қҧралдар қарастырылған. Ендігі 
кезекте жоғарыда біз талдау жҥргізген 4 тҥрлі клиникалық оқулықтарда анықталған тҥрлі физикалық 
факторлардың (қҧбылыстардың) диагностикалық мақсатта қолданылуын физика пҽнінің типтік 
бағдарламасындағы тақырыптармен байланыстырып, яғни физикалық факторларды негізгі бағыт 
ретінде алып, мына жҥйе бойынша 1 кестеге жинақтайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет