Қазақстанның барлық өңірлері үшін интернат мекемелерін реформалау сценарийін болжау, тәжірибелік аудандарды белгілеу;
Мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-дармен бірлесе отырып, ауылдық және шалғай жерлердегі балалардың, көшіп-қонушы балалардың құқықтарын іске асыру саласындағы индикаторларды жинау жөнінде зерттеулер жүргізу.
10. Ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу
Балалардың қажеттіліктерін айқындау үшін бірыңғай әдістемелік материал жасау;
Балалар проблемалары жөніндегі оқу және әдістемелік материалдарды, оқу құралдарын және басқа да тақырыптық әдебиетті әзірлеу және тарату;
Өңірлердегі ҮЕҰ-дар тәжірибесін тарату/онымен алмасу үшін инновациялық идеялар банкін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жобалар әдістемесін жасау.