373
алушылардың назары шашыраңқы болғандықтан, қолданылатын
технологиялар мен әдістер қарқындыәрі сараланған болуы керек
(қарапайым және күрделі, шығармашылық және зерттеушілік, топтық
және жеке және т.б.).
Адамның тәжірибелік және теориялық іс-әрекетінде интеллек-
туалды іс-әрекеттің бөлігін бөліп көрсетуге болады, мұнда адам
ұғымдармен, пайымдаулармен жұмыс істейді және қорытынды
жасайды, сұрақтар қояды және жауап алады.Бұл үдеріс жалпыға
ортақ,адам қызметінің барлық салаларын қамтиды, сондықтан білім
алушыларға белсенді технологиялардың әдістері мен дағдыларын
үйрету білім берудің маңызды міндеті болып табылады.
«Болашақ мамандарды дайындаудағы оқытуды ұйымдастырудың
белсенді және интерактивті әдістері» бөлімінде біз келесі тақы-
рыптарда «Сын тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларын» (бұдан
әрі – СТОДТТ) қолдану алгоритмін ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: