Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

 
 
Дәріс тақырыбы: Дайын дәрілік үлгілерді өндіруді 
ұйымдастырудың негізгі принциптері. 
Халықты дәрілік затпен қамтамасыз ететін, негізінен, 
дәріханалар желісі болып табылады.
Дәріхана
– тӛмендегі негізгі мәселелердің орындалуына 
жауапты денсаулық сақтау мекемесі:
1)
халыққа дәрілік заттарды дайындап, оларды рецепт 
бойынша жіберу арқылы жоғарысапалы кӛмек кӛрсету; 
2)
халыққа рецептсіз сатылуға рұқсат етілген дәрілік 
заттарды, санитарлық және гигиеналық, дезинфекциялы және 
дезинсекциялы 
заттарды, 
сонымен 
қатар, 
медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды, оптикалық заттарды, минералды су 
және басқа да дәріхана ассортиментіне кіретін бұйымдарды сату; 
3)
емдік-профилактикалық мекемелерді медикаменттермен 
және басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдармен 
қамтамасыз ету; 



4)
басқа медициналық қызмет мекемелерімен бірлесе 
отырып, халық арасында санитарлы-гигиеналық білімді тарату 
және жаңа дәрілік препараттарды насихаттау;
5)
қажетті жағдайларда тұрғындарға алғашқы кӛмек кӛрсету. 
Дәріханаларда, кӛбінесе, үш бӛлімше болады:
1)
рецептуралық-ӛндірістік,
2)
сату бӛлімі,
3)
қойма немесе сақтау бӛлімі. 
Дәріханадағы қондырғылардың құрылысы оның дәрілік 
препараттың қандай түрін жасап шығарғанына байланысты 
болады. Дәріханалардың аудуны оның Денсаулық сақтау 
Министрлігімен анықталған жұмыс кӛлеміне және арнайы 
нормативтерге сәйкес болуы керек.
 Дәрілік заттарды өндірісте жасап шығару 
Дәріханаларға келіп түсетін дәрілік препараттардың 
кӛпшілігін медициналық ӛндіріс жасап шығарады. Келесі 
медициналық салаларды ажыратып кӛрсетуге болады: химиялық-
фармацевтикалық, галенді-фармацевтикалық, антибиотиктер, 
органопрепараттар және дәрумендер ӛнеркәсібі. Химиялық-
фармацевтикалық ӛнеркәсіпке синтетикалық заттардың, табиғи 
шикізаттан таза күйінде бӛліп алынатын биологиялық белсенді 
заттар жатады. Галенді-фармацевтикалық ӛнеркәсіпке галенді 
және жаңагаленді препараттардың, сонымен қатар, әртүрлі дайын 
дәрілерді жасап шығару жатады. Антибиотиктер мен дәрумендер 
ӛндірісі медицина ӛнеркәсібінің арнайы салаларына бағытталған.
Дегенмен, дайын дәрілік үлгілер дәріхананың барлық 
рецептурасын 
қанағаттандырады 
деп 
айтуға 
болмайды, 
сондықтан дәріханаларда дайын күйде сақталатын дәрілердің түр 
түрімен қоса, ex tempore дайындалатын дәрілік препараттар да 
орын алады.
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 
Қосымша: (7-13). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет