Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру.Олардың айырмашылықтарын түсіндіру Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады.Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері
«Таныс пішіндер доминосы»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді Ойынның көрнекілігі: Пішіндер бейнеленген суреттер