Индуктомерлік эффект – индуктивтік механизм бойынша жүзеге асатын полярланғыштық эффектісі.
Электромерлік эффект – қосарлану механизмін тудыратын полярланғыштық эффект.
Мезомерлік формулалар –молекулалардағы электрондардың мезомерлік күйін көрсететін формулалар. Сәйкес қосылыстарда ковалентті байланыстарды делальданған деп атайды.
Резонанстық гибрид –қосарланған байланыстар электрондары мен бөлінбеген электрон жұптарының (БЭЖ) реалды таралуы.
Гиперконъюгация – С-Н байланыстардың δ – орбитальдері көрші қос немесе үш байланыстардың немесе ароматты жүйенің делокальданған орбитальдерінің қосарлануға түсе алатын электрондар делокалдануының шеткі жағдайы.
Льюис негізі –электрондарын вакантты орбитальдерге бөлуге қабілетті кез келген молекула немесе бөлшек, донорлық орбиталь ретінде, әдетте ЖТМО – жоғарғы толық молекулалы орбиталь (байланыстырушы) болады.