Льюис қышқылы – валентті орбитальге электрондар қабылдауға қабілетті кез–келген молекула немесе бөлшек, вакантты орбиталь ретінде ТБМО – төменгі бос молекулалық орбиталь (ыдыратушы) болады.
Электрофил – электрондар дефициті бар электрондар.
Электрофильді қосып алу (AdE) – жылдамдықты шектеуші сатысында шабуылдаушы бөлшек электрофил болатын реакциялар.
Анти–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты қарама–қарсы жағынан қосылуы.
Син–қосылу – шабуылдаушы реагент бөлшектерінің шабуылданатын молекула жазықтығына қатысты бір жағынан қосылуы.
Карбкатион –шешуші атом ретінде оң зарядты sp2–гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.
Карбанион – шешуші атом ретінде теріс зарядты sp2– гибридтелген көміртек атомы болатын бөлшек.