Экономиканы қарқындату, оның өнімділігін арттыру ғылым мен техниканың жетілуіне негізделген қарқынды технологияларды қолданумен анықталады



бет49/62
Дата28.01.2018
өлшемі6,78 Mb.
#34317
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
4 Экономикалық бөлім
4.1 Роботталған пісіру бөлімшелерінің экономикалық тиімділігі

4.1.1 Пісіру роботтарын енгізудің тиімділігін бағалау

Пісірудің роботизациясы еңбек сыйымдылығының төмендеуінен алынған экономикалық эффектіні және өнімнің сапасын жоғарылату үшін болғандықтан ғана емес, сонымен қатар егер роботизация еңбектің санитарлық гигиеналық шарттарын жақсарта отырып, адамды қауіпті жұмыстардан босатып, ұнамсыз жұмыстардағы еңбек ресурстарының дефицитін қысқартады және өндірістің жалпы мәдинетін көтерді. Барынша көп әулеметтік экономикалық эффекті беретін және барынша аз жұмыстардың көлемін жобалауды қажет ететін операциялар 1-ші кезекте деп саналады.

Пісіру өндірісін роботтаудың негізгі мақсаты оның экономикалық тиімділігі. Бұл критерий тиімді болып табылады егер, автоматтауға кеткен қосымша капиталды салымдар өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен алынған үнемдеумен өтелсе. Пісіруді роботтаудың тиімділігі өндірістік жұмыстың және пісіру жабдығының артуымен, жұмыс уақытын азайтумен, ақау пайызын төмендетумен, жік калибрін азайтумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, пісіруде роботтарды қолдану зақымдануды, кадрлардың ауысуын, пісірушілердің жеткіліксіздігін төмендетуге, жалақыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Роботты енгізу арқылы жаңа немесе жұмыс істеп тұрған техниканы жаңғыртуға, өнімділік пен тиімділікті арттыруға болады. Бұл жағдайда робот роботталған бөлімшенің құрама бөлігі болып табылады және өнімділік пен өнімнің өзіндік құнын азайтуға нақты шектелген үлесін қосады.

Роботты енгізудің тиімділігін келесі өндірістік есептеулердің орындалуына байланысты бағалайды: 1 роботқа кем дегенде 2,5 жұмысшының немесе ауысымда бір роботқа 0,8 жұмысшының босауы; роботты және онымен технологиялық тізбекте бірге жұмыс істейтін жабдықты үшауысымды жүктеу. Роботты енгізуге арналған капиталды салымның айналым уақыты 3 жылдан аспауы керек.

Капиталды салымның айналым уақытын RД (сағатпен) келесі формула арқылы анықтайды



(4.1)

Бір жолғы шығындарға басқару жүйесіне, роботтың технологиялық құралына, пісіру және басқа да технологиялық әбзелдерге, роботтың жинауға, қысуға, орын алмастыруға арналған периферийлі жабдығына, қосымша бөлшектердің бір комплектісіне, қорғағыш заттарға, программалау құралдарына, роботты жинақтауға, өндірісті дайындау сияқты роботқа кеткен шығындар жатады.

Бір жолғы табысқа өндірістің босаған негізгі құралдарын сатудан түскен пайданы жатқызуға болады.

Ағымды табыс өнімнің өзіндік құнының азаюы ESK, және де технологиялық уақыттың бір жылда азаюы GZ әсерінен болатын табыстан тұрады.



Өзіндік құнның азаюын (теңге/жыл) келесі формула бойынша анықтайды

(4.2)

мұндағы: nJi – i бұйым партиясының жылдық көлемі, бұйым/жыл;

KTbi және KTzi – i бұйымының бастапқы және мақсатты вариант кезіндегі өзіндік құны, теңге/бұйым.

Ағымды табысқа жұмысшылардың санын азайтпай өнімділікті арттыру нәтижесінде технологиялық уақытты арттыру арқылы және роботталған бөлімшедегі жұмысшылар санын азайту мен басқа өндірістік бөлімшелердегі босаған жұмысшыларды тиімді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.



Өнімділікті арттыру нәтижесінде алынатын ағымды табыс:

(4.3)

мұндағы: GZ – ағымды табыс, теңге/жыл;

EZ – технологиялық уақыттың азаюы, сағ/жыл;

Nh – технологиялық уақыттың 1 сағатын үнемдеу нәтижесінде пайда болған



өндірістік табыс, теңге/сағ.

(4.4)

мұндағы: IWP – өндірістік өнімнің жылдық көлемінің құны, теңге/жыл;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет