Дәріс ғылым және ғылыми зерттеу әдістері



бет11/11
Дата26.10.2022
өлшемі325,15 Kb.
#155082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҒЗЖ. Дәріс1,2

Идеализация– бұл шын мәнінде жоқ немесе іс жүзінде жүзеге асырылмайтын (мысалы, мүлдем қатты дене, мүлдем қара дене, сызық, жазықтық) объектілерді ойша құрастыру. Идеализация мақсаты: нақты объектілерді оларға тән қасиеттерден айыру және бұл объектілерді белгілі бір
нақты емес және гипотетикалық қасиеттермен беру. Бұл ретте мақсатқа қол жеткізу келесі жолдармен асырылады:

  1. көп сатылы абстрагирлеу (мысалы, қалыңдықты абстрагирлеу «жазықтық» ұғымын білдіреді);

  2. қандай да бір қасиеттің ойша өзгеруі (мүлдем қатты дене);

  3. қарапайым абстрагирлеу (сұйықтықтың қысылмауы).

Кез келген идеализация белгілі бір шектерде ғана заңды болып келеді.
Формализацияжасанды тілдердің көмегімен, мысалы, математика тілінде олардың құрылымын таңбалы түрде көрсету арқылы әр түрлі объектілерді зерттеу әдісі.
Формализацияның артықшылықтары:

  • ол проблемаларды (мәселелерді) шешу тәсілінің жинақталуын қамтамасыз етеді;

  • символикалық мәндердің қысқалығы мен айқындығын береді;

  • символиканың бір мағыналы болуы;

  • объектілердің таңбалы моделін қалыптастыруға және осы объектілерді зерттеудің нақты заттары мен процестерін зерделеуді алмастыруға мүмкіндік береді.

Аксиоматикалық әдіс– ғылыми теорияны құру әдісі, онда кейбір тұжырымдар дәлелсіз қабылданады, ал қалған барлық білімдер белгілі бір логикалық ережелер бойынша шығарылады.
Гипотеза және болжам. Теорияның ғылыми білім жүйесі ретінде қалыптасуында гипотеза немесе ғылыми болжам маңызды рөл атқарады.Гипотеза теориялық зерттеу әдісі ретінде нақты материалды ұғыну нысаны, фактілерден заңдарға көшу нысаны болып табылады.
Гипотезаның дамуы үш сатыда өтеді:

    1. Нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту;

    2. Гипотезаны қалыптастыру, яғни жасалған болжамнан нәтижелерді шығару, оның негізінде болжамды теорияны өрістету;

    3. Алынған қорытындыларды практикада тексеру және осындай тексеру нәтижелері негізінде гипотезаны нақтылау. Егер тексеру салдары шындыққа сәйкес келсе, гипотеза ғылыми теорияға айналады.

Теория– теориялық зерттеу әдісі ретінде шындықтың кейбір саласындағы құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын және түсіндіретін және осы саладағы ашық заңдарды бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі. Теория зерттеудің эмпирикалық деңгейінде алынған нәтижелерден құрылады. Теорияда нәтижелер ретке келтіріледі, ортақ идеямен біріктірілген үйлесімді жүйеге келтіріледі, теорияға енгізілген абстракциялар, идеализация және қағидаттар негізінде нақтыланады.
Жаңа теорияға келесі талаптар қойылады:

    • ғылыми теория сипатталатын объектіге барабар болуы тиіс, бұл белгілі бір шектерде экспериментті зерттеулерді теориялық зерттеулерге алмастыруға әсер етеді;

    • теория шындықтың кейбір саласын толық сипаттаудағы талаптарын қанағаттандыруы тиіс;

    • теорияның өз шеңберіндегі әртүрлі компоненттер арасындағы өзара байланыс түсіндірілуі тиіс. Бір тұжырымдардан басқасына ауысуды қамтамасыз ететін теорияның әр түрлі ережелері арасында байланыс болуы тиіс;

    • теорияның ішкі қарама – қайшылық талаптары және оның тәжірибелік деректеріне сәйкестігі орындалуы тиіс;

    • теория эвристикалы, конструктивті және қарапайым болуы керек.

Теорияның эвристикалылығы оның алдын ала және түсініктеме мүмкіндіктерін көрсетеді. Теорияның математикалық аппараты нақты сандық болжам жасауға ғана емес, сонымен қатар жаңа құбылыстарды ашуға да мүмкіндік беруі тиіс.
Теорияның конструктивтілігі оның негізгі ережелерін, принциптері мен заңдарын тексерудің белгілі бір ережелері бойынша жасалатын қарапайым түрінен құралады. Теорияның қарапайымдылығына арнайы символдардың көмегімен ақпаратты қысқарту мен алмастырудың жалпыланған заңдарын енгізу жолымен қол жеткізіледі.

Бақылау сұрақтары:





  1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?

  2. Таным деңгейіне байланысты әдістер қандай топтарға бөлінеді?

  3. «Абстрагирлеу, талдау, синтез» ұғымдарына түсінік беріңіз.

  4. «Индукция және дедукция, модельдеу» ұғымдарына түсінік беріңіз.

  5. Ғылыми индукция әдістерінің өзара әрекетінің себептерін анықтаудың неше әдістері бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет