Факультеті: «Жалпы медицина» Кафедрасы: «Микробиология, вирусология және иммунология»


Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі



бет13/13
Дата10.03.2022
өлшемі424,7 Kb.
#134963
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-87415

Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналар тізімі

Вакцинаның түрі

Вакцина

Вакциналық штамның аты

Қорғау коэфициенті

Авторлары

Бактериялық түрі

Обалық
Туляремиялық
Түйнемелік
Бруцеллездік
(Сарып ауруы)
Туберкулездік
Қу-қызбалық

Е
15
СТИ-1
19 ВА
БЦЖ
М-14

10
50-100
50-100
10-30
10
50-100

Г.Жерар
Ж.Робик
Б.Эльберт
Н.Гайский
Н.Гинзбург
Л.Тамарин
П.Вершилова
А.Кальмет
К.Герен
П.Здородовский
В.Гениг

Вирустық түрі

Қара шешектік
Қызылшалық
Тұмаулық
Полиомиелиттік
Паротиттік
Сары безгектік
Жылқының венесуалдық энцефаломиелиттілік

Листер, М-63
Л-16,ЭШИ т.б
Ленинград т.б.
1,2,3 типі
-
17Д «Дакар»
№230

500
20-30
2-3
50
50
100
10

С.Мареникова
А.Смородинцева
М.Чумаков т.б.
А.Сэбин
М.Чумаков
А.Смородинцев
Ш.Рид
А.Воробьев

Анатоксиндер

Дифтериялық (Күл)
Сіреспелік
Ботулизімдік
(А, В, С, Д, Е)

-
-
-

100
100
100

А.Воробьев

Белсенділігі
жойылған
бактериялық

АКДС (адсорбталған көкжөтел – дифтерия - сіреспелік)
Іш сүзектік

-
Патогендік штамдар

-
5-10




Генді- инженерлік

В-гепатитінікі (ашытқылы)

Ашытқының рекомбинаттық штамы

10

Авторлар тобы

Қазақстан Республикасының алдын ала екпе күнтізбесінетуберкулез, полиомиелит, коклюш, дифтерия, сіреспе, корь, гепатит В және эпидемиялық паротитке қарсы қолданылады.


Қазақстан Республикасының егу күнтізбесі.

Жасы

Туберкулезге қарсы

Гепатитке қарсы

Полимиелитке қарсы

Коклюш, дифтерия,сіреспеге қарсы

Корьға қарсы

Паротитке қарсы

0-4 күн

+

+

+




2 ай


+

+

+



3 ай



+

+



4 ай


+

+

+



12 ай





+

+

18 ай




+



6 жас

+



АДС +

+





Бактериофагтар
Бактериофаг бактерияларды зақымдайтын вирустардан алынған иммунды – биологиялық препарат. Ол бірталай бактериялық жұқпалы ауруларға диагноз қоюда, алдын алуда және емдеуде қолданылады. Бактериофагтың әсер ету механизімі олардың тек қана өзіне тән бактерияларда өсіп-өніп, оларды ерітуіне негізделген. Яғни, Бактериофагтармен аурудың алдын алу және емдеу спецификалық тәсілге жатады.
Аурудың алдын алу , не емдеу үшін бактериофагтарды ауыз қуысы арқылы, не сыртқы жараны өңдеуге ұзақ уақыт қолданылады.

Пробиотиктер
Пробиотиктер адам ішегінің қуысын мекендейтін қалыпты микробтарының арасынан алынған потогенсіз, бірақ тірі микробтардан дайындалған ИБП-лар. Олар адам денесіндегі қалыпты микробтар түрі, саны бұзылған кезде (дисбактериоз) соларды қайта қалпына келтіру, не соның зардабынан пайда болған ауруды емдеу үшін қолданылады.
Кең тараған пробиотиктерге жататындар: «Колибактерин», «Бифидумбактерин», «Лактобактерин», «Бификол», «Субтилин».
Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар

Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төмендегідей:


- Иммунды қан сарысулары;
- Иммундыглобулиндер;
- Моноклоналды антиденелер;
- Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер;
- Абзимдер (антидене- ферменттер)
Иммунды қан сарысулары. Иммундыглобулиндер
Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл ауруына қарсы антитоксикалық қансарысуын қолданған еді.
Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы,есек, кейде ор қоян ) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) гипериммунизациялау тәсілі қолданылады. Антидене түзілуінің ең жоғарғы деңгейінде малдың қанын толығынан ағызып, одан сарысуды дайындайды. Жануарлардан алынған иммунды сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.
Ауырып сауыққан адамдардан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан, не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейін пайда болған антиденелер бар иммундық сарысулар гомологиялық деп аталады.
Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндерді аурудың алдын алу және ауруды емдеу үшін қолданылады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гангрена) сарысулық препараттармен емдеген жөн. Сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады.
Иммунды сарысу алған адамда жанама асқыну көрінісі болуы мүмкін (анафиалактикалық естен тану, сарысу ауруы). Сондықтан, сарысу қолданудың алдында адамның сезімталдығын тексеріп, содан кейін препаратты Безредка тәсілімен енгізу керек.

Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алуда
пассивті және активті иммундаудың рөлі

Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустық инфекциялардың профилактикасы да енжар және белсенді иммундау тәсілдерінен тұрды.


Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирусты енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізгеннен кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организм ге иммунды антиденелер енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданылады. Оған адамдарда ауру жұғу қауіпті төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болған иммунитет ұзаққа созылмайды.
Анафилактикалық шок - организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті патологиялық процесс және қан айналымы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
ЖІКТЕЛУІ.
Ағымы - жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану, тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды ағзалардың зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.
Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін.
Жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел тамыр жетіспеушілігімен.

  • Жедел тыныс жетіс.: кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

  • Жедел тамыр жетісп.: кенет әлсіздік, құлақта шу , суық тер. Тері жабындары бозарған. Акроцианоз. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған. Бірнеше минуттан кейін естен тануы мүмкін, тырысулар байқалады. Жүрек-тамыр жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге әкеледі.

  • Қайталанбалы ағым - клиникалық белгілері жақсарғаннан кейін бірнеше сағат немесе тәулік өткенде шок белгілерінің қайтадан дамуы. Кейде шок қайталанғанда алғашқы кезеңге қарағанда ауыр өтеді және емге төзімді болады.

  • Абортивті ағым - шоктың асфиксиялық түрі. Науқастарда шоктың клиникалық белгілері тез жойылады, кейде емдік препараттарды қолданусыз.

Анафилактикалық шок дамуы мүмкін егер:
анамнезінде дәрілік аллергия, дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау, әсіресе қайталанған курстармен, депо-препараттарды қолдану, полипрагмазия, дәрілік препараттың жоғары сенсибилизациялық белсенділігі, мамандығына байланысты дәрімен ұзақ қатынаста болу, анамнезіндегі аллергиялық аурулар, пенициллинге сенсибилизация көзі түрінде дерматомикоздардың (эпидермофития) болуы
ЖЕДЕЛ КӨМЕК.

  1. Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.

  2. Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 0,18% 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу.

  3. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.


Шоққа қарсы шаралар:
0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1,0 мл бұлшық етке (процестің одан әрі өршуін тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем - 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.
Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
Симтоматикалық ем.


Қорытынды
Медицинада иммунопрофилактиканың,яғни жұқпалы аурулардың алдын-алудың және иммунотерапияның,яғни оны емдеудің маңызы зор.Қазірде иммунопрофилактика жасаудың түрлі әдістері белгілі.
Иммудық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қаблеттілігін арттыруға бағытталған.
Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2005. - 734 с.
2.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология (под ред. Воробьёв А.А) МИА., Москва, 2004.- 690с.
3.Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000. - 591 с.
4.Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2006. — 1200 с.
5.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.
6.Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф. Воробьева А.А.
7.Дикий И.Л, Сидарчук И.И. и др. Микробиология. Руководство к лабораторным занятием. Киев, 2004, 583 с.

Рефератты бағалау критерилері (бағалау парағы)



Орындау критериі



0 - 0,1


0,2 - 0,3



0,4 – 0,5



1


Рефератты рәсімдеу












2


Рефераттың жоспары












3


Иллюстративті материал












4


Өзектілігі












5


Мазмұны











6


Қорытынды (ұсыныстар)












7


Әдебиеттер












8


СӨЖ
кестесіне сай тапсырылуы
(дер кезінде тапсырылуы)













Қорытынды













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет