Ғылыми конференциясының материалдары



бет46/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер



  1. Кәрібаев Б.Б. Қасым хан. – Алматы, 2006.

  2. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII веков. – А.-А., 1969.

  3. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы) – Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616.

  4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейінгі. – V томдық. – Алматы: «Атамұра», 2010

  5. Қазақстан. Ұлттық әнциклопедия. – 6 т. – Алматы, 2004. – 153 б.

  6. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

  7. Артықбаев Ж., Пірманов Ә. Қазақстан тарихының энциклопедиялық басылымы. – Алматы: Атамұра, 2009.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕГІ ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Қабылбаева Н.Қ. (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Исмагамбетова З.Н.

Кез кeлген мемлекет өзiнің болашағы жaйында терең ойлaнып, оның барыншa жарқын болуын қaлайды. Сoл елдің болaшағының қандай да бір дәрежеде, белгілі бір бағытта болуын қазіргі жастардың орнының ерекше екендігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Өйткені қоғaм жастар aрқылы өзін биoлогиялық бүтiн ретінде ғaна емес, сонымeн біргe, әлеуметтік бүтiн жүйе рeтінде қарастырамыз. Біз жастарды қоғамның стратегиялық «пейзажы», инновациялық қоры және қоғамды сақтау әрі дамытудың өзекті ресурсы ретінде қарастырамыз. Г.С.Абдрайымованың сөзімен айтқанда, қазіргі тарихи үдеріс aясында келешек құндылықтaрын сомдaйтын, жаңа қоғaмның пaйда болуына негіз қaлайтын, ескіргенді жаңaртатын, қоғaмды алға жетелейтiн ұлы күшті сипaттайтын ұғым ретінде қолдaнамыз [1, 46 б.].


Тәуелсіздіктіңмалғашқы 25 жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл және қала жастарының рухани өмірін зерттеуге ерекше ден қойыла бастады. Мемлекеттің негізгі тірегі – ауыл екені айдан анық. Ауыл жастарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Еліміздің мәдениетінің дамуында, өмірімізде ерекше орын бар өзгерістер басталды. Аз ғана уақытта асқан асуларымыз, алған белестеріміз, қол жеткізген табыстарымыз, рухани жетістіктерімізде аз емес. Мұның жас ұрпақ үшін маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін жaс ұрпақтың алдында жaқсы, ұнамды жағынан көрсете бiлуге ұмтылып, оны жaқсылық пен адамгершіліктің aсыл қасиеттеріне бaули білетін болсақ болашағымыздың дұрыс бағытта болатындығы шындық. Төл мәдениетімізге қайта мойын бұрған кезде жастардың ойдағыдай қалыптасуына кедергі болатын жәйттар да аз емес. Олар, халқымыздың ең басты ерекшелігі – ана тіліне шорқақтық, салт-дәстүрге менсінбей қарауы. Осының нәтижесінде ата-ана мен баланың арасындағы құрмет пен түсіністік азайып, отбасын құрудағы кемшіліктер, ажырасулар, жетім балалардың көбеюі сияқты сүреңсіздіктер етек алып барады. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері салт-дәстүрге мұқият қараған[2, 328 б.].
Жастар – әрбір ортаның, қоғамның барометрі секілді. Сезімтал, сергек, қырағы, қайратты келетін олар заманның талабына қарай бейімделгіш, алаулап алдыңғы сапта жүретін буын. Ерік-жігерін білім-білікпен қайрап, оны жақсы іске жұмсай білсе, олар алмайтын асу, олар бағындырмайтын белес жоқ. Бүгінде тәуелсіз елдің талантты, талапты қала жастары да ел экономикасын дамытуға өз үлестерін қосу үшін еңбек майданына білек сыбана кірісуде. Бірнеше тіл меңгеріп, түрлі алыс-жақын шетелдердің айтулы оқу орындарында білім алып жүрген жастар саны артып келеді. Өз ісін білетін, тыныштық пен бірлікті ел дамуының негізгі тетігі деп түсінетін және өз ойын ашық айта алатын жаңашыл, белсенді жастарды ірілі-ұсақты әрбір жұмыс орындарынан кездестіруге болады. Жастардың ізгі ойларын бір арнаға тоғыстырып, білім-білігін, қажыр-қайратын іргелі істерге жұмсауға бағыттау, тың ойлары мен бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ету, жастар арасында кездесетін қиындықтарды өздері арқылы біліп, оларды шешуге, келеңсіз жағдайлардың алдын алуға ұмтылу – үлкен жұмысты қажет етеді. Қала жастары ауыл жастарына қарағанда бір саты жоғары жүреді. Сонымен қатар ауыл жастарына қарағанда қала жастарының батысқа еліктеушілігі жоғары. Заман талабына қарай бейімделеді. Дегенмен де ауыл жастары да қалар емес. Жастардың субмәдениеті қарым-қатынас түрінің талғамы, іс-әрекет нормасы және құндылықтар, 10 жастан бастап 20 жасқа дейінгі аралықты қамтитын, үлкендер мәдениетінен ерекшеленетін жүйе. Жастардың субмәдениеті 60-80 жылдары қарқынды дамыған, содан бері өзінің жалғасымын табуда. Белгілі бір субмәдениетке енген адам онымен біртұтас болады. Сол мәдениеттің барлық заңдарын, жаңа қоғамның тәртіптерін қабылдайды, тіпті, өмірге деген көзқарасы өзгереді [3, 28 б.].
Белгілі мәдениеттанушы, ақын Әуезхан Қодар өзінің Жетісу газетіне берген сұхбатында «Қазіргі жастарымыз өте қиын жағдайда. Мектеп бітірісімен оқуға түсу керек, ал оқудың бәрі ақылы. Оқуға түспеген жастар жұмыс іздеп тағы да қалаға барады. Қалада жұмыс табыла қоймайды. Сондықтан базарда сатушы немесе жүк тасушы болып күн көреді. Кейбіреулер жалығып криминалға кетеді. Қазіргі жастардың тағдыры күн көріс болып кеткен сияқты. М.Әуезовтер Мәскеуде құрған «Жас тұлпар» билік талаптың, зор мәдениеттің, мол білімге суарылған парасаттың жемісі болатын. Онда сол кездегі қазақ зиялысының балалары жиылып өзінің қазақ екенін ұғынуға тырысқан. Онысымен шектелмей демалысында бүкіл Қазақстанды аралап, халқына ұлттық болмыс, ұлттық тарих құндылықтарын уағыздаған. Қазіргі біздің белгілі зиялыларымыздың көбісі осы «Жас тұлпардан» шыққан. Егер бұл ұйымды ұлттық тәрбие берудің үлгісі санасақ, «Жас тұлпар» әлі де керек. Бірақ қазіргі нарықтық заманда 60-жылдардың жастарына қанат бітірген романтикалық рух мүлде жойылған сияқты. Себебі, ол кезде жастарды идеалшыл бағытта тәрбиелеген. Ал қазіргі жастар материалист, оларға ақша, дәулет, байлық, билік, абырой-атақ керек. Қазіргі жастардың үш түрі бар. Біріншісі, қалалық орыс тілді жастар. Олар жақсы отбасылардан шыққан, жақсы білім алған, компьютер, интернет сияқты қазіргі зердеуи құралдарды жақсы меңгерген, ағылшын және өзге шет ел тілдерінде сөйлейді. Бұлардың кемшілігі, қазақша сөйлемеуі мүмкін, тәрбиесі де ұлттық стандарттан алшақтау. Артықшылығы, қазіргі заманға икемді, ешкімді жатсынбайды, тез тіл табысып кетеді, кең көлемдегі гуманитарлық көзқарасы бар.
Екінші нұсқасы, ауылдан келіп, қалада білім алған жастар. Бұлар қазақ тіліне де, орыс тіліне де жүйрік, екі мәдениетке де бірдей. Көбісі кесек мінезді, бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын болады. Ешбір өтірік нәрсеге алдана алмайды, тек шындық іздейді. Өскен ортасымен ылғида келіспеушілікте болады, өзін ортасынан биік жоғары санайды. Бірақ іс жүзінде олар ауылдан алыстағанмен, қалаға сіңе қоймаған. Мәдениет те, шындық та шартты нәрсе екенін ұғынбайды. Олай деген адамның өзін пасық деп санайды. Бұлардың кемшілігі, ой жетегінде жүріп досы мен қасын айыра алмай қалады. Артықшылығы, әр мәдениеттің дәмін татып, қадірлей білуінде, достыққа, адамгершілікке адалдығында.
Үшінші нұсқасы, ауылға да қалаға да керек болмай қалған жастар. Міне, ең өкініштісі осылар. Өйткені, олар қулықпен өмір сүргісі келеді. Қалалық жастарға дос болғансып, солардың істегенін қайталап, бірақ ешнәрсені қорыта алмайды. Әйтеуір жобасы осылай ғой деп қойып қалады. Бұлар массмәдениеттің түлегі. Қазақша сөйлеу керек болса қазақша сөйлейді, рэп мәнерінде дабырлау керек болса да одан да қашпайды, «ағашкалары» біреулерге айтақтаса барып сабап келеді. Біздің қазіргі жастарымыздың басым көпшілігі осындай. Себебі, оларда не білім, не мамандық жоқ, соған байланысты кім көрінгенге тәуелді. Ұжымдық сананың нағыз құлдары осылар. Қазіргі заманда ауылдың өзі жеке құбылыс болудан қалып барады, қаланың нашар көшірмесі сияқты. Сондықтан одан бұрынғы жау жүрек, батыр, көкпаршы ер тұлғаларды кездестіру қиын. Қазір біздің жастар әке-шешесінің зейнетақысына тұрып жатады, әйелдерін базарға жіберіп, өзі арақ ішіп, карта ойнайды. Ал осының бәрі ауыл жастарының әлеуметтік проблемалары шешілмегендіктен, білім алу мүмкіндігі қиындағандықтан, жұмыссыздықтан. Қазір әрбір ауылда «Жас тұлпар» бөлімшесін ашқанмен ол ешнәрсе өзгерте алмайды. Өйткені қолында билік жоқ, заң шығару құқы жоқ. Бұл мәселелердің барлығын Үкімет пен Парламент шешу керек», – дейді.
Қорыта айтқанда қазіргі кездегі жaстaрдың ұлттық мәдениеттегі үлесі орасан. Ұлттық мәдeни дәстүр мeн құндылықтaрды сақтaу және оны әрi қарай дaмыту жауапкершілігі дәл сoл жастaрға жүктеледi. Жастaрдың мәдeни болмысын жәнe оның сапaлық деңгейін анықтaудың өзі Қазaқстанның қоғaмдық – мемлекеттік дaму дәрежесін, ұлттық ментaлитеттің мықтылығын, сондaй-ақ мемлекетімiздің әлемдік қауымдaстықтағы орнын анықтaйтыны сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет