Ғылыми конференциясының материалдары



бет52/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер



  1. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи: XVII-XVIII вв. – Алма-Ата: Наука, 1991. – С. 237.

  2. Акимушкин О.Ф. К вопросу о внешнеполитических связях Могольского государства с узбеками и казахами в 30 годы ХҮІ-60 гг.XVIIвв. // Палестинский сборник. М-Л.,1970. 233-248-6.

  3. Златкин И.Я. История джунгарского ханства (1685-1758). – М., 1964. – С. 481.

  4. Абусеитова М.Х Казахское ханство во второй половине 16 века.– А, 1985.

  5. Абусейтова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. (история, политика, дипломатия). – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. – С. 268.

  6. Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XІІІ-XVІІІ вв./биобиблиографические обзоры/. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 426 с.

ӘБУ РАЙХАН ӘЛ-БИРУНИ


Мәннан Сайрангүл (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ибрагимова М.Н.

Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – Орта Азиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Ол ОртаАзия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик ӘбуНасыр Мансурибн Ирактан дәріс алды. ӘбуРайхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. Ғалымның әкесі – Ахмед,өз аты – Мұхаммед, Әбу-Райхан қосалқы аты.Арабша «Әбу» – «әкесі» деген сөз.Әбу-Райханның әкесі дегенді білдіреді.Демек, Бирунидің Райхан деген баласы болған.Бируни ата-анадан жастай жетім қалып, сауатын ашады да,өз бетімен Хорезмидің,Фарабидің,Жаухаридің, Қараджидің,Ферғанидің тағы басқа білімпаздардың кітаптарын оқиды.Ол керуеншілерге бақырша бала болып,Орта Азия мен Солтүстік Иранның әр түрлі қалаларына барады.Осылайша жүріп білімін көтереді.Оқып көңіліне тоқыған көп Бируни жиырма жасында көрнекті ғалым болып қалыптасады.Өз бетімен ғылыми кітаптар жаза бастады.


Дін мәселелері жөнінде ол қарматтар жағында болады.Қарматтар – сырттай ислам дінінің ережелерін қабылдап іс-жүзінде оған қарсы шыққан адамдар,бұлардың көпшілігі шаруалар мен құлдар еді. Ішінара болса да «дінсіздерді» қолдағандығы сезіліп қалғандықтан Бируни Хорезмде тұра алмайды. Ол 995 жылы өз елінен кетуге мәжбүр болып, өмірінің ұзақ жылдарын шетте өткізді.
Туған жерінен қуылған ғалым Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы қалаларға келеді. Кәбус ибн Уәшімгір деген әкімнің қол астында қызмет істейді. Осында жүргенде, 1000 жылы, 27 жасында «өткен буындардың ескерткіштері» атты өшпес еңбегін жазды. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика,медицина, геология, минералогия тағы басқада ғылым салаларын қамтиды.
Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45-сі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізген, Жер мөлшерін анықтаған.Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, ірі қалалардың координаттары көрсетілген, құрлықтардың өзара орналасуы, бір-бірінің жалғасу реті картаға түсіріліп көрсетілген. Мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген.Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан, Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Оның географиясы геология, минералогия, экономика ғылымдарымен және халықтар мәдениетімен тығыз байланысты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бируни биология ғылымымен де шұғылданған. Әр түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Ол өз еңбектерінде ғылыми терминдерді бес-алты тілде келтіріп, мағынасын түсіндіріп отырған. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған.Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-география жөніндегі еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны» тағы басқа еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы тілдеріне аударылған.
Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылымдағы жетістіктері :
• Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған.
• Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.
•Геометрияны ботаникада қолданды.
• Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген.
• Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.
• Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.
• Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.
• Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.
• Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.
• Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.
• Ғазналы Махмуд, Сәбуктәкин және Харезмнің тарихтарын жазды.
• Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды.
• Ғылымның барлық саласына жарамды 150-ге жуық еңбектер жазды.
• «Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса Аллаһқа тәубе етемін. Барлығы Оның қолында» деп айтатын.
Ашқан жаңалықтары батыстық ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін қолданылып келеді. Әл-Бирунидің минералдар туралы жазған екі үлкен кітабы ерте заманнан белгілі, оның бірі – «Кітаб әл жамаһир фи маһрифат әл жауаһир», яғни «Қымбат минералдарды тану туралы кітап». Мұны қазір қысқаша түрде «Минералогия» дейді. Бұл кітап 1048 жылы жазылып біткен. Екіншісі – «Кітаб әл ахжар», яғни «Тастар туралы кітап». Бируни «Минералогиясында» минералдардың қасиеттері мен сипаттамасы бірнеше белгілері арқылы беріледі. Әсіресе олардың түсіне, қаттылығына, меншікті салмағына көп назар аударылған. Онымен қатар минералдардың ішкі құрылысы, пішіні сияқты белгілерін де еске алған. Бирунидың «Минералогиясы» екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде отыз алты түрлі минералдың сипаттамасы берілген, оның ішінде шыны, фарфор сияқты қолдан жасалған заттар да бар. Екінші бөлімінде он екі түрлі минерал сипатталады, оның ішінде төрт түрлі қорытпа бар. Сонымен, минералдардың меншікті салмағын ғылыми тұрғыдан айыру әдісін бірінші рет қолданушы Шығыс ғалымы Әл-Бируни деп айтуға болады.
Әл-Бирунидің пікірі бойынша, мөлдір минералдар сұйық заттың қатаюынан, басқаша айтқанда, ерітіндіден пайда болған. Оған Әл-Бируни тұзды мысал етіп келтіреді. Ал мөлдір минералдардың сұйық заттан пайда болғандығына дәлел ретінде олардың ішінде кездесетін газ бен су тамшыларын көрсетеді. Өйткені сұйық заттан минералдың кристалы құрала бастаған кезде, ерітіндідегі ауа көпіршіктері және оның су тамшылары кристалдың ішінде қалып қоятын болады. Мұндай минералдарды қыздырған кезде сол көпіршіктер үлкейіп, минералды жарып жібереді. Демек, минералдардың жаратылысын және қасиетін айыру үшін кристалл ішіндегі сол көпіршіктер мен тамшыларды зерттеу керек. Осыған көңіл аударып, алғаш зерттеген де Әл-Бируни болатын. Осы зерттеуде Әл-Бируни мөлдір асыл тастан жасалған затты үлкейтіп көрсететін лупа қолданған болса керек. Әл-Бирунидің минерал ішіндегі көпіршіктерін зерттеген әдісі осы күнгі минерал зерттеу ғылымының бір жаңа тарауының – декрепитация әдісінің негізі болып табылады. Оның мәнісі мынадай: минералды қыздырған кезде, оның ішіндегі көпіршіктерінің жарып шыққан температурасы сол минерал жаралған кездегі сұйық ерітіндінің температурасын көрсетеді. Минералдардың қандай жағдайда пайда болғанын айыратын жаңа әдіс осыған негізделген. Сонымен, Әл-Бируни қазіргі минералогия ғылымының негізін салушы болып табылады. Әл-Бируниден кейін көп ғасырлар бойында минералогия ғылымы қарқынды алға баса алмады.
Минералдардың сипаттамасын бергенде Әл-Бируни олардың қасиеттеріне, бағасына, жаратылысына толық тоқталады. Сонымен қатар минералдар жасайтын кендерді де көрсетіп отырған. Минералдардың қаттылығын айыруда Әл-Бируни өлшеуіш ретінде алмас сияқты минералдарды қолданған. Бұл әдіс және осы минералдар қазірдің өзінде минералогия ғылымында қолданылып келеді.
Ортағасырлық кезеңдерде өмір сүрген, Орта Азияндан шыққан ғұлама ғалым, өз заманындағы аса дарынды жаратылыстанушы Бирунидің «Асыл тастар туралы деректер» атты және басқа еңбектерінен, яғни Бирунидің минералогиясынан ежелгі төл сөздерімізді кездестіріп отырмыз. Оның деректерінде сипатталған асыл тастар атаулары, қазіргі уақытта біздің қолданысымыздағы бағалы, әшекей, зергерлік тастар атуларымен дәлме-дәл сәйкестік тауып отыр. Мысалы: алмас, жақұт, маржан (дүр), мөлдір (тау хрусталі), зүмірәт, лағыл (лаһл сөзінен), ақық және тағы басқалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет