Ғылыми конференциясының материалдары



бет54/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Аманжолов К.Р. «Түркі халықтарының тарихы» 2002.


2. «Көшпенділердің ұлы шайқастары» Аруана баспасы.
3. Тұрғыт Өзәл.Түркия-Еуропа аясында. «Заман Қазақстан» газеті, 1993 жыл 19ақпан.
ТУТАНХАМОННЫҢ ҚҰПИЯСЫ


Нұрғазы Жайдар (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі:оқытушы Ибрагимова М.Н.

Перғауынның көрін ақтарып, қарғысқа ұшыраған жан тірі қалмаған. Оған тарих куә. Мыңдаған жыл бұрын қабір қабырғаларына жазылған қарғыстың қаһарына ұшыраған жанның аман қалғаны жоқ-ау сірә. Жерлеушілер перғауынның мүрдесін өзгелер қазып, денесін қорлап, лақтырып тастамас үшін, бірге көмілген қазына-байлықты тонаудан аман сақтау үшін осындай амалдарға барды. Тіпті «пирамиданы рухтар қорғайды» деген де аңыз жеткілікті. Қалай айтсақ та, пирамидаларды, ондағы жасырылған перғауындардың мүрдесін белгісіз бір тылсым күштің қорғап тұрғаны шығар күннің көзіндей шындық. Оны жоққа шығаруға болмайды. Шындығында көне мысырлықтар табыттарға түрлі қарғыс жазып, бірге көміп отырған. Кім қабірді ашып, мүрдені қозғаса, сол қарғысқа ұшырайтын болған. Перғауынның табытын ашу өмірмен қоштасу екені, өткен жүз жылдықтың ортасында ғана белгілі болды. Өзгесін былай қойғанда, атақты Тутанхамон табытын ашқан кезде не болғанын еске түсірсек.


Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық яғни 18-әулет дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400-1392 жылы билік етті. 12 жасар кезінде Тутанхатон деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасы Эхетатоннан Фивыға қайтарды.
Белгілі археолог Говард Картер Лухсорға келгенінде патшалар алаңындағы биік төбеден бұрын белгісіз болып келген қорым жайлы естіп, барып көреді. Сөйтіп, Лорд Карнарвонның қаржыландыруымен Г.Картер осы қорымды 1917 жылдың күзінен бастап қазуға кіріседі. Бірақ 1922 жылға дейін қорымның астынан мыңдаған тонна құр тастар шығып, мыңдаған фунт стерлинг ақша жұмсалғанымен, еш нәтиже шықпады. Олар да алған беттерінен қайтпай қазуды жалғастыра берді. Өткен жылдың 26 қарашасы Картерге сәттілік әкелді. Картер дәліз түкпіріндегі есік орнының жоғары сол жақ бұрышының қалың қабырғасын төмпештеп ұрып тескені сол еді, тесік саңылауынан бұдан 30 ғасыр бұрынғы қызған ауа бұрқ ете қалды. Май шамның жарығын түсіріп, саңылаудан қарағаны сол еді, бұдан бұрын мысыртанушылар бастан өткеріп көрмеген таңқаларлық құбылысты көреді. Ар жағындағы бөлме кәдімгі мұражай сияқты, неше түрлі таңғажайып заттар байқалады. Бірақ ешқандай қабір, саркофаг, мумияның ізі де жоқ. Алайда, оң жақтағы қабырғаға анықтап қараған кезде, қара сырмен боялған фарон бейнесіндегі бір-біріне бетпе-бет қарап тұрған екі статуяның арасынан салынған есіктің орнын байқады. Картер сылан ған жерді ұңғып тесіп, сол кішкентай тесіктен шамын жағып қарап еді, бір метрдей қашықтықтан таза алтыннан жасалғандай жарқыраған қабырғаны көреді. Ар жақтағы дүниелерді бүлдіріп алмау үшін, тас қабырғаны асықпай бұзып, саңылауды үлкейте берді. Саңылау үлкейген кезде анықтап қараса, алтын қабырға дегені–алтындатылған қабірхана болып шықты. Ұзындығы-5, көлденеңі-3,3, биіктігі-2,73 метр көлемдегі кварцитті саркофаг екен. Үстіне қара түсті жабынды төселген. Оны алып тастағанда, алтыны жарқ етіп, көздің жауын алды. Табыттың ішінде айқасқан қолдарына патшалық билік пен перғауындықтың символы – сом алтыннан жасалған скипетр мен қамшы ұстатып қойған алтын бетпердесі бар екен. Түр-келбетін кәдімгі перғауын Тутанхамоннан айнытпай келтірген, тіпті асыл тастардан жасалған көздері де тірі адамға ұқсайды. Бұл қабірдің астынан тағы бір қабір табылады. Онда Тутанхамонды Осирис Құдай бейнесімен сомдаған екен. Қабірдің алтын қақпағын сегіз жерден алтын бекіткіштер орнатылған. Оны көтергенде ғана, перғауынның алтын бетперделі мумияланған денесі көрінді. Картер тапқан саф алтыннан жасалынған дүниелер, бастан-аяқ алтынмен апталған Тутанхамон мен оның әйелі Анхесенепаамонның және балаларының денесі табылған бұл қабір 3300 жыл бойы жұмбақ болды. Бүгінде Тутанхамонның денесі салынған саркофаг пен сонда табылған барлық қазыналар Каирдегі Мысыр ұлттық мұражайында сақтаулы. Осынау ұшан-теңіз байлық келе-келе ұлы өнер туындысына айналды. Картер сол кезде өзінің үлкен жаңалық ашқанын білмеді. Бұл оның ең соңғы экспедициясы еді және аталған сапар оны шексіз атақ-даңққа бөлеп кетті.
Ең сұмдығы, пирамида қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдар, зерттеушілер, археологтар бірінен соң бірі қайтыс бола берген. Әуелде тас мүсінде вирус бар деп саналғанмен, соңынан эпидемиологтар, дәрігерлер ешқандай вирус таба алмаған. Сөйтіп, түсініксіз опатқа «перғауынның қарғыс, кегі» деген ат берілген. Тутанхамон қабірін қазып, ондағы мол қазынаны мұрағатқа өткізіп, абыройы асқақтаған Говард Картер екі аяғынан бірдей айрылып, мүгедектер арбасына таңылып қалды. Терісі түгелдей зақымданып, шашы мен тырнақтары да өз-өзінен түсе бастады. Ағзасы жартылай улан ған Говард тек дәрі-дәрмектің көмегімен ғана тірі жүрді. Қалған өмірі нақ тамұқтың өзіне айналғандай еді... Ежелгі перғауындардан қалған мына бір сөз кімнің де болсын үрейін ұшырары сөзсіз: «Кімде-кім мәңгілік тыныштығымызды бұзар болса, оның жазасы тек өлім!»
Тутанхамонға ғалымдар компьютерлік сканерлер бойынша 2000-нан астам операция жүргізді. Олардың пікірінше, 20 жасында өмірден өткен Тутанхамон аса көрікті болмаған. Төменгі жағы шығыңқы болғандықтан ол дұрыс тістей алмаған. Оның сол аяғының жіліншігі мен табан тұсы қисық болыпты. Сол себепті ғалымдар перғауын маймақ аяқтанып, әрі таяққа сүйеніп жүрген деп шамалайды. Зерттеушілердің топшылауынша, ата-анасының туысқандық жақындығы болғандықтан Тутанхамон генетикалық аурулармен де ауырған. Ғалымдардың генетикалық талдауына қарағанда, оның әке-шешесі ағалы-қарындасты болған. Еске сала кетейік, Тутанхамонның неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін жұмбақ. Бұл жөнінде бірнеше жорамал бар. Соның бірі бойынша, ол күймеден құлаған кезде алған жарақатынан қайтыс болған. Енді бұл болжам теріске шығып отыр, себебі аяғы қисық болғаннан кейін оның күйме жарыстарына қатысуы екіталай. Ғалымдар ол генетикалық аурудың салдарынан қайтыс болуы мүмкін деген жаңа жорамал ұсынып отыр. Тутанхамонның сүйегін 1922 жылы ағылшын ғалымдары оның қабірінен тапты. Қабірдің табылуы ХХ ғасырдың ең ірі археологиялық жаңалықтардың бірі болды.
1922 жылы Говард Картер тапқан Тутанхамонның қабірі туралы және сол қабірді ашып қарғысқа ұшыраған жұмысшылар туралы оқиғаны каирлық корреспондент «Дейли экспресс» каналынан айдай әлемге жария қылды. Кейінірек шым-шытырық оқиға «Дейли мейл» мен «Нью-Йорктаймс» газетіне басылып шығады. Автордың жоқтан барды жасайтын қабілеті осы жерден көрінді. Яғни мақаланың бас жағындағы қарамен берілген сөйлемдерде мына жолдар болған: «Қабірді ашқан адамға тезірек өлім келсін». Бұл аздай Лорд Карнарвонның москиттен (жәндік шағып алған) келген өліміне Мария Корелли есімді жазушы қабір себеп болды деп көпшілікті тағы дүрліктірді. Әйгілі жазушы бір айтып қана қоймай, марқұмға қабірді ашпау керектігін ескерткенмін, әруақтардың тыныштығын бұзылатынын күні бұрын біліп келгенін қосып айта кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет